-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алма бағы жайнаған

    28.09.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Алма бағы жайнаған

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    17
    VIEWS

          Жамбыл ауданы Самсы ауылында тұратын зейнеткер Мұхтар Шынтеміров қоғамдық өмірде белсенділігімен өңірге танымал. Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде үнемі игі істердің ортасынан табылады. Сонымен қатар бағбандық кәсіппен де айналысып, көпке үлгі көрсетіп келеді.

    Аузы дуалы ақсақал Мұхтар Найманханұлының жасы 75-те. Ауыл шетінде өз қолымен отырғызған алма­бақты қалай күтіп, баптайтынына куә болдық. «Жасым келді, болдым-толдым» деу ол кісінің табиғатында жоқ. Қазір алманың пісіп-жетілген шағы, өзі бас болып, өнім жинау қарбаласымен жүр. Жаны жайсаң, қолы ашық ағамыз жемісін туған-туыстарымен, ауылдастарымен, кезінде бірге жұмыс істеген әріптестерімен де бөліседі.
    Өткен ғасырдың екінші жарты­сында көп ауылда жайқалған алма­бақ бол­ғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Бірақ сол кездері Үңгіртас ауылының бір бөлімшесі саналған Самсыға ондай бақ бұйырмапты. Тоқсаныншы жылдардың басында Самсы ауылы Үңгіртастан өз алдына әкімшілік-аумақтық жағынан ірге ажыратады. Осыған байланысты Үңгіртастағы шаруасы шатқаяқ­таған «Қастек» қой кеңшарында жұмыс істеген тұрғындар «Самсы» кооперативіне бірігеді.
    Жаңадан құрылған кооперативті басқаруға келген Мұхтар Шынтеміров 1996 жылы ауылда алмабақ егуді ұйымдастырады. Таңдаулы сорттардың көшеттері 4 гектар жерге отырғызылады. Алайда қызмет бабымен басқа жаққа кетіп, араға жылдар салып қайта келгенде ағашы оталып, қоршауы сөгілген күтімсіз бақтың кейпін көріп қынжылады. Оны қайтадан қалпына келтіруді ойластырады. Самсыда он жыл ауыл әкімі қызметін атқарған кезінде жерлестерін бақ егуге үнемі үгіттеумен болады. Өзі алғашқы талын тіккен сол төрт гектарды ақыры өзі қайта қолға алады. «Ғалым» жеке шаруа қожалығын құрып, жаңадан көшет егеді.
    Осылайша Мұхаңның бағында екі мың түп ағаш жапырақ жайқалтты. Бақты өзі балаша мәпелеп, күтеді. Жылына үш рет дәрілеу, үш рет қандыра суғару, тыңайтқыш сіңіру, көктемде бұтап, діңін әктеу сияқты қажетті шараларды ерінбей, жалықпай атқарып келеді. Бұл істе өзімен қоса екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Нәтижесінде алмасы дәмді, шырынды. Мол өнім салғанда кейбір ағаштың бұтағы, тіпті жемісінің салмағын көтере алмай сынып кетеді екен. Анау жылдары жас бақтың әр түбі орта есеппен жүз келі алма беретін.
    Алмаға биыл ағайын-туыс, дос-жаранға дейін қарық болған. Сұрап келген қаншама ауылдас дәмі тіл үйірер өнімді ақысыз алып, алғысын жаудырады. Ауылдағы балабақша да алады. Піскен өнімді жинатып, қорапқа салып, реті келсе өткізеді, әйтпесе қысқы сақтауға қойылады. Ақсақал ауылдастарын әлі де бақ егуге үгіттейді. Көпшілік ортада жастарға аталық сөзін арнайды. Түрлі шаруашылықта, мемлекеттік қызметте 42 жыл абыроймен еңбек еткен бай тәжірибесін осылайша ісімен де, сөзімен де ел қажетіне жаратып жүр. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, ауданның Құрметті азаматы атағымен, облыстың «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталған.
    Мұхаңның зайыбы Жұмакүл Қасымбекова да бұл істің нағыз маманы десе болады. Ардагер-ұстаз 40 жыл мектепте биология пәнінен сабақ берген. Сондықтан жоғары білімді жандар бағбандықты ғылымға, саладағы соңғы жаңашылдыққа сүйене отырып жүргізеді. Жарасымды жұп екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған. Балаларының барлығы қалада тұрады, жоғары білімді, әрқайсысының өз қызметі бар. Олардан он алты немере сүйіп отыр. Демалыс күндері бала-шаға қара шаңырақта бас қосып, ата-аналарының үйін мәре-сәре қылады. Кішкентайлардың алма бақта асыр салып ойнағанына үлкендер жағы мәз. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген осы.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Самсы ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    2 years ago
    Жүзден жүйрік

    Жүзден жүйрік

    8 months ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    3 months ago
    Он жетіде от кешкен

    Он жетіде от кешкен

    2 months ago

    Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласы Кеңесінің отырысы өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.