-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

    27.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Сұхбат
    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

          Қай кезде де ілкі буын өкілдері жас­тарға бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп, татулықты насихаттап, ел тыныштығының сақталуын бәрінен жоғары қойған. Бүгін­де Алматы облысындағы 100-ден астам этнос өкілдерінің жергілікті ұлтпен бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп, өңірдің өсіп-өркен­деуіне сүбелі үлес қосып келе жатқанына Ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесі де елеулі үлесін қосуда десек, ақиқаттың ауылынан алыстай қоймаспыз. Осы орайда облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаевқа жолығып, аз-кем әңгімелескен едік.

    – Амангелді Дәнібекұлы, өзіңіз жетекшілік ететін ақсақалдар кеңесінің атқаратын қызметі қандай?
    – Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Мемлекет басшысы 2022 жылы Атырау облысына сапары барысындағы халықпен кездесуінде: «Қазақ қай заманда да үлкенді сыйлаған, ақсақалдардың аталы сөзіне тоқтаған. Ал ауызы дуалы қарттарымыз әрдайым елдің ұйытқысы болған. Осы орайда ақсақалдар кеңесінің жұмысын жүйелі түрде жандандыруымыз қажет. Бәлкім, кеңестерді Ассамблея жанына топтастыру дұрыс болар еді», – деген болатын. Көп ұзамай Президенттің бұл ұсынысы көпшілік тарапынан қызу қолдауға ие болды. Сол тұста Алматы облысы екіге бөлініп, облыстық департамент пен басқармалар, мекемелер мен ұйымдар жаңа облыс орталығына көшіп келіп жатты. Бұрын Талдықорған қаласындағы «Достық үйінде» қоныстанған облыстық қоғамдық келісім мекемесінің Қонаев қаласына қоныс аударуы жер-жерде Ассамблея жанынан ақсақалдар кеңесінің құрылып жатқан кезімен тұспа-тұс келді. Сол жылдың желтоқсан айында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ақсақалдар кеңесі құрылып, көпшілік дауыспен оның төрағасы болып сайландым. Содан бері жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
    Жұмыс барысында 2022 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында бекітілген «Ақсақалдар кеңесі туралы» үлгілік ережені басшы­лыққа аламыз. Кеңестің жоғары органы – оның отырысы. Кеңес облыста өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан, ауданда және ауылдарда жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылады. Отырыста мүшелердің ашық дауыс беруімен кеңестің төрағасы сайланады. Облыстық кеңес төрағасы республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесіне кіреді. Бүгінде облыс бойынша 141 ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. 1 облыстық, 1 қалалық, 9 аудандық, 130 ауылдық округте құрылған ақсақалдар кеңестері мүшелерінің жалпы саны 1203 адамды құрайды. Облыстық кеңес құрамында 12 адам бар.
    – Өзіңіз басшылық жасайтын кеңестің ардагерлер немесе ақсақалдар алқасы секілді ұйымдардан өзгешелігі неде?
    – Қазақстан халқы Ассамблеясы кейінгі кезде елдің саяси өміріне әртүрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы қазақстандықтарды тарту мақсатында жаңа тәсілдерді енгізуді жетілдіріп жатқанын көз көруде. Соның бірі – ақсақалдар кеңесі. Құрылғанына көп бола қоймаса да, ел бірлігі жолында жұмыс істеп, этносаралық жанжалдың алдын алу сияқты міндеттерді қоғамдық негізде жүзеге асыратындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге отбасының және өскелең ұрпақтың тәрбиесімен де айналысады. Ортақ мақсатымыз – қоғамда этносаралық келісімді тереңдетіп, түрлі мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту.
    – Жыл басынан бері кеңес тарапынан қандай жұмыстар атқарылды?
    – Облыс көлемінде 9 айдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі ақсақалдар кеңесінің мұрындық болуымен 171 шара ұйымдастырылды. Әкелер институтын дамыту мақсатында Ұйғыр ауданында «Әке – қажеттілік пе, мүмкіндік пе?», «Әке – тәрбие тамыры», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», Іле ауданында «Ұлт және дін», Еңбекшіқазақ ауданында «Үлкенге ізет, кішіге құрмет», «Әкені қаншалықты ардақтаймыз?» деген тақырыпта іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұйғыр ауданында облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қарасай ауданында ауданның үлгі тұтар ардагерлерінің, азаматтарының жұмыстарын жастарға өнеге ету мақсатында «Азаматы жақсының шаңырағы – алтын ұя» және Балқаш ауданында «Дін – тәрбие діңгегі» атты дөңгелек үстел, Талғар ауданында «Қарты бар үй – қазыналы үй», Жамбыл ауданында «Ұлы халықтың – ұлы Абайы», Балқаш ауданында «Адамның адами қасиеті – ұстаздан» атты әдеби-сазды кештер, Райымбек пен Балқаш аудандарында шахмат және тоғызқұмалақ жарысы өткізілді. Еңбекшіқазақ ауданы мен Қонаев қаласында қарттар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты тоғызқұмалақ пен шахматтан спорттық байқаулар ұйымдастырылды. Жамбыл ауданында облыс әкімінің қолдауымен «Батагөй» республикалық байқауы өтіп, жүлделі орын алғандар дипломдармен, ақшалай сертификаттармен марапатталды.
    – Ақсақалдар кеңесі тарапынан іс-шара ұйым­дастырудан өзге де жұмыстар қолға алына ма?
    – Ақсақалдар – қоғамдағы рухани тірек. Олар – ұрпақтан-ұрпаққа даналық пен салт-дәстүрді жеткізуші. Халқымыз ежелден үлкенді сыйлау, ақсақалдардың ақыл-кеңесіне құлақ асу арқылы қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтаған. Облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуде ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өткен жөн. Мәселен, Талғар ауданында тұрғын үйлерді газбен, ауызсумен қамту, көше тазалығы, жол сапасы, ағаш кесу, ойын алаңын салу, Балқаш пен Іле ауданында газ және жер, Ұйғыр ауданында электр жарығы, Жамбыл ауданында көше тазалығы, Кеген ауданында ауданаралық автобус қатынасы, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық зиратына баратын жолды жөндеу, арықтарды тазалау мәселелеріне байланысты тиісті шешімдер қарастырылды. Қайырымдылық орталықтарымен бірлесіп, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіледі. Жұмыс барысында жастарға патриоттық тәрбие беруге, әлеуметтік және тұрмыстық дау-жанжалды шешуге, алдын алуға, қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысамыз. Қазіргі кезде этносарлық қатынастардың дұрыс реттелуі – маңызды мәселе. Әрбір этнос өзара сыйластық, түсіністік пен ынтымақтастық негізінде өмір сүруі тиіс. Сондықтан ел болашағы үшін өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін этномедиацияны жүзеге асыру сияқты жауапты жұмысты да атқарамыз.
    – Алдағы жоспарларыңыз жайлы не айтасыз?
    – 4-тоқсанда жоспарға сәйкес аудандық кеңестер іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар келесі жылы республикалық ақсақалдар кеңесінің сессиясын, республикалық «Батагөй» байқауын және облыстық ақсақалдар кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда. Алдағы уақытта да қоғамда бейбітшілік пен түсіністік орнауына септігі тиетін жұмысымызды жалғастыра береміз.
    – Әңгімеңізге рақмет!

    Сұхбаттасқан – Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Қажыға құрмет

    6 months ago
    Аяла есімді тұрғын алғаш рет саяси науқанға қатысты

    Аяла есімді тұрғын алғаш рет саяси науқанға қатысты

    7 months ago
    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    11 months ago
    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жолдады

    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жолдады

    1 year ago
    Қазақшаңыз қатесіз бе?

    Қазақшаңыз қатесіз бе?

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.