-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауқымды жоба

    07.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Ауқымды жоба
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданындағы Бұғыты таулы аймағында орналасқан вольфрам кен орнында жобаға серіктес әрі инвестор болып отырған «Жетісу вольфрам» ЖШС басшылығымен кездесіп, зауыт жұмысымен танысты.

    Іле Алатауының шығыс шетіндегі Үлкен Бұғыты тауының қойнауында аса сирек кездесетін бағалы металдар 1941 жылы анықталып, зерттелген. Дегенмен, жылдар бойы қозғаусыз қалған. Бұл байлықты ел игілігіне жұмсау – заман талабы екені рас. Осынау күрделі де қажетті қазбаны «Жетісу вольфрам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі игеруді қолға алып, жобаға инвестиция салып, зерттеумен айналысып келеді.
    «Жетісу вольфрам» ЖШС директоры Ван Чжун Вэй инвестициялық жобаның қазіргі даму барысына тоқталып, зауыт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Инвесторларды тыңдаған Марат Сұлтанғазиев мұндай ауқымды жобаның маңызын айта келе, жеделдетуді қажет ететін бірнеше негізгі жайтқа тоқталды.
    «Тау-кен байыту комбинатының іске қосылу мерзімі жақындап қалғанына қарамастан, жасалған шарттар инвестор тарапынан толыққанды орындалмай отыр. Жергілікті жердің халқын жұмыспен қамту мақсатында комбинатта жұмыс істейтін жергілікті тұрғындардың арасынан мамандар дайындау қажеттігін бірнеше рет айтқанмын. Дегенмен, бұл мәселе әлі де шешімін таппай отыр», – деген Марат Елеусізұлы: «Келісімшарт бойынша 20 жыл жұмыс істеуді көздеп отырмыз, жақын арада вольфрам өндірісі іске қосылады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту керек», – деп маман дайындау мәселесі екі жыл бұрын кездесу барысында талқыланып, әрі екіжақты келісім жасалса да, өзгерістің мардымды болмай тұрғанын инвесторлардың есіне салды. Сонымен қатар елімізде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде тау-кен саласында білікті мамандар даярланатынын да айтқан аймақ басшысы жобаны іске қосар алдында қызметкерлердің қатары жергілікті жердің азаматтарымен толығуын тағы қадағалайтын болды. Кадр мәселесін жіті қарап, бұл сұрақты назарда ұстау керектігі тапсырылды.
    Қос тарап құрылысты аяқтау, кәсіпорынның инфрақұрылымын және сыртқы инженерлік желілерді монтаждау, минералдық шикізатты одан әрі кешенді өңдеу үшін инвестицияларды кеңейту және инвестордың корпоративтік әлеуметтік саясаты мәселелерін талқылады. Облыс әкімі жұмысшыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде жергілікті компаниялармен, жеке кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты.
    Марат Сұлтанғазиев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де тоқталды. «Шетелдік инвесторлар негізгі өндірістік жобаларға тікелей инвестиция салумен қатар, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларға белсенді түрде атсалысып, өз үлестерін қосып жатқаны анық. Осы орайда Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен тығыз байланыста болу қажет», – деп инвестициялық қызмет аясында білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарын қамтитын әлеуметтік инфрақұрылымдарға қолдау білдіру туралы да сөз қозғады.
    Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысты маңызды мәселелерді талқылаған делегация мүшелері зауытты аралап, жұмыс барысын өз көздерімен көрді.
    Вольфрам кендерін өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысы жақында аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 135 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күнде 64,7 млрд теңге қаражат игерілген. Жыл соңына дейін 70 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады деп күтілуде. Жоба толық іске қосылғанда 350 адам жұмыспен қамтылады.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    12 months ago
    Жаңа бекет ашылды

    Жаңа бекет ашылды

    10 months ago
    Соны көзқарас қажет

    Соны көзқарас қажет

    2 months ago
    Қонаев қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды

    Қонаев қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды

    1 year ago
    Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон- бәйгесі басталады

    Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафон- бәйгесі басталады

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.