-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    26.09.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады
    0
    SHARES
    115
    VIEWS

          Халықтық штаб мүшелері Алматы облысындағы «APORT mall» ойын-сауық орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, атом энергетикасының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға әсері туралы жан-жақты ақпарат берді.

    Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай атом электр станцияларында қолданылатын заманауи қауіпсіздік жүйелері мен радиациялық бақылау технологияларының маңызын атап өтті. Ол қазіргі заманғы III+ буын реакторларының сенімділігін және олардың халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін айтты. «Қазіргі атом электр станцияларының қауіпсіздік жүйелері әлемдегі ең жоғары стандарттарға сай жасалған. Бұл станцияларда белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің үйлесімі қолданылып, оларды сыртқы және ішкі әсерлерден барынша қорғайды. Мысалы, Чернобыль мен Фукусима сияқты ескі буын реакторларында қауіпсіздік жүйелері әлсіз болатын, бірақ бүгінгі станциялар технологиялық тұрғыдан әлдеқайда жетілдірілген. Атом станцияларының сырты табиғи апаттарға – 8 баллға дейінгі жер сілкінісіне, торнадо мен дауылға төтеп бере алады», – деді Мақсат Толықбай.

    Оның айтуынша, станциялардағы күмбездер реактордан шыққан радиоактивті бөлшектердің сыртқа таралуына жол бермейді. Бұл жүйелер АЭС жұмысын апат жағдайында да қауіпсіз етеді, ал радиоактивті бөлінулердің ықтималдығы миллион жылда бір реттен де аз.

    Кездесуге қатысқан «APORT mall» қызметкерлері бұл ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, АЭС салу жобасын қолдайтындарын білдірді. Орталық қызметкері Айбек Мәте атом электр станцияларының сенімділігін түсіне отырып, жобаны қолдауға дайын екенін жеткізді.«АЭС салу – елдің энергетикалық тәуелсіздігіне үлкен қадам. Біз әлемнің жетекші елдері сияқты, қауіпсіз әрі экологиялық таза энергия көздеріне көшуіміз керек. Бұл тек экономикалық тұрақтылық емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін маңызды шешім деп білемін», – деді ол.Кездесу соңында Халықтық штаб өкілдері тұрғындарды АЭС салудың елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына тигізетін оң әсері туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыратынын айтты

    Өңірлік Халықтық штабтың баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    9 months ago
    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    2 years ago
    Қонаев аспанын күй тербеді

    Қонаев аспанын күй тербеді

    11 months ago
    ОРТАҚ ТАРИХ

    ТҰРАҚТЫЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

    1 month ago
    Мердігерлер жұмысы сыналды

    Мердігерлер жұмысы сыналды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.