-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    28.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          ҚР Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Алматы қаласындағы кітапханалар мен мұрағаттардың қызметкерлерімен кездесті. Онда АЭС құрылысы туралы алдағы референдум, атом энергетикасының келешегі мен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіндегі мән-маңызы талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін атом электр станциясының стратегиялық, экологиялық, экономикалық және ғылыми артықшылықтары туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

    Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда атом энергетикасының әлеуеті зор екенін атап өтті. Уранның бай қорына ие және өзінің ядролық бағдарламасын дамытуда тиімді позицияда тұрған еліміздің жер қойнауынан алынатын отынға тәуелділікті азайтуға және энергетика саласын әртараптандыруға мүмкіндігі бар. Депутат атом энергетикасына салынған инвестиция Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін айтарлықтай нығайта алатынын және булану газдары шығарындысын азайту есебінен орнықты даму мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    «Атом энергетикасының болашағы зорекені байқалып отыр. Бұрын күмәнмен қараған көптеген елдер қазір өз көзқарастарын қайта қарап, оны жаңартылатын энергия көздеріне маңызды қосымша деп санайды. Атом энергетикасы осы салада жоғарыдеңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және сонымен бірге таза экологиялық шешім болып табылады. АЭС құрылысы елімізге өз электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бередіжәне барлық өңірді энергияменқамтамасыз ету деңгейін арттырады. Бұл алға жасалған елеулі қадам болады. Атом энергиясы көмір мен газға қарағанда әлдеқайда қуатты, одан қалдық аз шығады және қоршаған ортаны қорғауға да жәрдемдеседі. Ол өңірлерді дамытуға және энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға ынталандыруға ықпал етеді», деді Нұртөре Жүсіп.

    Кездесуге қатысушылар АЭС салу кезінде заманауи технологияны қолдану, қалдықтарды кәдеге жарату, кадр әлеуетін қалыптастыру және станцияға қызмет көрсету үшін жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін көтерді.

    Egemen.kz сайтынан алынды

    Ұсынымдар

    Ұстаз жолы – ұлағат

    Ұстаз жолы – ұлағат

    9 months ago
    Газдандыру қарқын алады

    Биыл 17 мектеп пайдалануға беріледі

    4 months ago
    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    2 years ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Әкім: Облыс экономикасының өсімі бір қарқында

    2 years ago
    Жүргізуші куәлігі жоғалса қалай қалпына келтіруге болады?

    Жүргізуші куәлігі жоғалса қалай қалпына келтіруге болады?

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>