-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғасыр жасаған кейуана

    16.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Ғасыр жасаған кейуана
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

          Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғыны Раиса Беломоина 100 жасқа толды. Ауылдық округ әкімі Ернар Жүнісов осыған орай ғасыр жасаған кей­уананы туған күнімен құттықтап, ауыл тұрғындары атынан құрмет көрсетті. Аудандық мәслихат депутаты Ержан Игібаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шабден Ноғайбаев, округтегі әйелдер кеңесінің мүшесі, күрд мәдени орталығының өкілі Памбук Шарипова мен қоғам белсенділері де мерейлі жас иесіне ізгі тілектерін білдірді.

    Раиса Устиновна 1924 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Омбы облысында көпбалалы отбасында дүние есігін ашыпты. Бала күнінен еңбекке араласып, сабағын да жақсы оқыған ол мектепті үздік бітіріп, Омбы ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне түседі. Оны да үздіктер қатарында бітіріп, ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Тұқым зертханасында ғылыми жұмыспен айналысып, өсімдік генетикасын зерттейді, жаңа сұрыптар шығарады.
    1960 жылы Беломоиндар отбасы Қазақстанға қоныс аударады. Алдымен бұрынғы Гурьев қаласында тұрған оларды кейін тағдыр Талғарға алып келеді. Бұл жерде де білікті маман жемісті еңбек етеді. Құрметті демалысқа шыққан соң да қол қусырып отырмай, Ауыл шаруашылығы институтында, біліктілікті арттыру курстарында сабақ береді. Раиса Устиновна екі ұл тәрбиелеп, олардан төрт немере, төрт шөбере сүйіп отыр. 100 жасқа толуына орай әкім мен қоғам белсенділерінің тура үйіне келіп құттықтауы ол үшін күтпеген әрі қуанышты оқиға болды. Олардан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар қабылдай отырып, мерейлі жас иесі барлығына ризашылығын білдірді.
    – Бұл – мен үшін, менің ұрпағым, туған-туыстарым үшін үлкен құрмет әрі мақтаныш! Әрқашан аман болыңдар, отбасыларыңа, ағайын-туыстарыңа, ел-жұртымызға татулық, бірлік, тыныштық, жұмыстарыңызда табыс тілеймін, – деді кейуана.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ:  Жүректен жазылса – жүрекке жетеді

    Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: Жүректен жазылса – жүрекке жетеді

    2 years ago
    Жаңашылдыққа жол ашады

    Жаңашылдыққа жол ашады

    4 months ago
    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    8 months ago
    Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі басталды

    3000 адам қатысатын ерекше турнир

    1 year ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Алматы облысы суға кеткен адамдар саны бойынша алда тұр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.