-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық құрама үздік шықты

    14.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ұлттық құрама үздік шықты
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

           V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан құрамасы үздік шықты. Жарысқа қатысушылар 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі доданың жабылу салтанаты «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтті.

    Жарыстың соңғы күндері спортшылар көкпар, көкбөрі, аударыспақ, жамбы ату, кураш, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, мас-рестлинг, асық және тоғызқұмалақ, теңге ілу, құсбегілік, арқан тарту ойындары бойынша бақ сынады. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде аударыспақтан үш салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. 100 келіден жоғары салмақта Біржан Қосалиев Қырғызстан спортшысы Кумушбек Қыдырәлиевтен басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Сырым Ізбасаров моңғолиялық спортшы Ерболат Жеңісбекті жеңді. Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлде еншіледі. Ол Қырғызстан спортшысы Ислам ­Бердібекұлынан жеңілді. Ұлттық құрама спортшылары аударыспақтан жалпы есепте бес алтын, бір күміс еншіледі.
    Көшпенділер ойынының үшінші күнінде «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен «Qalqan» стиліндегі дәстүрлі садақ ату сайысында ерлер арасындағы алтын жүлде Мажарстан спортшысы Кочжа Ласзлоға бұйырды. Екінші және үшінші орындарды қазақстандық Ербол Тапенов пен Қанат Қасымхан иеленді. Бұл –
    Қасымханның көшпенділер ойындарындағы екінші қола медалі. Әйелдер арасындағы мергендер ішінен үздік шыққан индонезиялық Рено Сури алтын медаль иегері атанса, Ресей спортшысы Анна Алексеева күміс жүлде алды. Ал Қырғызстаннан келген спортшы Әсел Садырова қолаға қол жеткізді.
    Көшпенділер ойындары бағдарламасында қызық әрі аса қырағылықты талап ететін ойынның бірі – жамбы ату. «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен жарыста Түркі стилінен алтын жүлдені Ералхан Айкөз, ал қола жүлдені Айтбек Сарыбай жеңіп алды. Күміс жүлдені түркиялық Керем Игит еншіледі. Жарыстың екінші күнінде ұлттық құраманың үш бірдей спортшысы Азия стилінен жүлделі орындарға ие болған еді.
    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков бес белес сайысынан, ал Рахат
    Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын алды. Құсбегіліктен ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.
    Көшпенділер ойынын бәйгесіз елестету мүмкін емес. Сондықтан аталған аламанның соңғы күніндегі тұлпарлардың шабысына Алаш жұрты айрықша елеңдеді. Шынымен де, желмен жарысқан сәйгүліктеріміз ұшқыр бәйгеден бастап басымдық танытты. 1600 метрлік жарыста мәре сызығын әйгілі «Кабирханның» иесі Тілек Мұханбетқалиевтің «Шағала» атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орынды Қазақстанның тағы бір жүйрігі «Арлан» иеленсе, үшінші жүлдені «Струна» алды. Ал 2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» кессе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді. Сонымен қоса, 3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да біздің жүйріктер ұтты.
    11 шақырымдық құнан бәйгеде Әмір Серік тізгіндеген «Құмыс­-
    құлақ» барлығын шаң қаптырды. 18 шақырымдағы топ бәйгеде сынға түскен Бақтыбай Сержан тізгіндеген «Холибой» атты тұлпар мәре сызығын бірінші болып кессе, тағы бір қазақстандық «Зымыран» атты жүйрік екінші орынды иеленді.
    Нағыз мыңнан озған тұлпар ғана топ жаратын жарыста қазақ елінің мерейі асқақтады. Аламанда Алматы облысының Балқаш ауданынан келген «Айқабақ» оқ бойы озып, алда келді. Тағы бір қазақстандық «Жұмыртұяқ» атты жүйірік екінші, ал Қырғызстаннан үкілеп әкелінген «Қарақыз» үздік үштікті түйіндеді.
    V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жоғары деңгейде өтіп жатқандығын әлемнің әр түкпірінен келген туристер жарыса айтуда. Міне солай, Сарыарқа төсіндегі дүбірлі дода Ұлы дала өркениетінен сыр шертетін ірі оқиға ретінде тарих қойнауына еніп барады.

    Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында әйелдер мен балалардың әл-ауқаты зерттеледі

    Алматы облысында әйелдер мен балалардың әл-ауқаты зерттеледі

    9 months ago
    Барлық деңгейдегі депутаттардың басқосуы – маңызды шара

    Барлық деңгейдегі депутаттардың басқосуы – маңызды шара

    8 months ago
    Берік отбасы – қоғам тірегі

    Берік отбасы – қоғам тірегі

    12 months ago
    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    Маңызды шешімдер қабылданды

    1 year ago

    Ауылшаруашылығындағы ауқымды жұмыс

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>