-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа жол – жақсылық бастауы

    06.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Жаңа жол – жақсылық бастауы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Елімізде халық игілігі үшін атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Соның ішінде түрлі деңгейдегі жолдар жақсартылып, әлемдік талаптарға сай қайта салынуда. Күні кеше тағы осындай игілікті іс жалғасын тапты. Қарасай ауданында «Жібек жолы» стансасындағы айналма жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Әбләлиев, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты.

    Айта кетерлігі, «Алматы – Астана» бағытында­ғы жолдың осы бөлігінде көлік апаты жиі тіркеліп, тіпті адам өліміне әкелген жағдайлар болып жататын. Алматыға барып-келіп жұмыс істейтін тұрғындардың кептелісте сағаттап тұруы тағы бар.
    «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы осы мәселені ескеріп, 2020 жылы айналма жолдың құрылысын «СинеМидасСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тапсырған. Аталған мекеме қолға алған жұмыстарды сапалы аяқтады. Жалпы ұзындығы 6,1 шақырым болатын жол торабы автокөліктердің екі бағытта жүруіне мүмкіндік беріп, жол бойында 3 көпір мен 20 су өткізгіш құбыр орнатылды.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев шараға жиналған жұртшылықты айналма жолдың ашылуымен құттықтады.
    – Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күретамыры, – деді ол өз сөзінде. – Құны 25 млрд теңге болатын бұл құрылыс төрт жылға созылды. Айналма жол жергілікті халықтың ғана емес, облыстың дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз. Жалпы өлкемізде 5 700 шақырымнан астам жол бар дейтін болсақ, биыл 137 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 2,5 пайызы ғана. Алдағы уақытта оны 5 пайызға арттыру ойымызда бар.
    Пайдалануға беріліп отырған жол тұрғындардың барыс-келісін жеңілдетіп, уақыт үнемдеумен қатар жолаушылардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бейнекамералар мен жол белгілерін орнатқаннан кейін халықаралық талаптарға сай сапалы жолға айналады. Осы құрылысты жобалап, жүзеге асырған «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы мен «СинеМидасСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымына жұртшылық атынан алғыс білдіремін.
    Осыдан кейін сөз алған ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Әбләлиев Қарасай және Іле аудандарының түйіскен жерінде ашылған айналма жолдың мән-маңызына тоқталды.
    – Ел Президентінің жолдарды жақсартуға, соның ішінде Алматы мен Астана арасындағы көлік дәлізін жаңғыртуға қатысты тапсырмасына орай аталған жоба қолға алынды. Сондықтан осы маңызды шаруаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматтарға мың алғыс. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қараған тұрғын­дарға көп рақмет. Жаңа жолайрығы сіздерге сапалы қызмет көрсетіп, жақсылықтың бастауы болсын! – деді ол.
    Ұлтымыздың ежелгі дәстүрі бойынша Жібек жолы ауылындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Базаргелді Анисов ақ батасын бергеннен кейін облыс әкімі мен қадірменді қонақтар жолдың салтанатты ашылу рәсімін жасады. Жұртшылық алдында автокөлік тізбегі өтіп, жаңа да сапалы жолдың алғашқы жолаушылары сапарға аттанды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта аула футбол турнирі ұйымдастырылды

    Қонаевта аула футбол турнирі ұйымдастырылды

    7 months ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    2 years ago
    Қарияларға құрмет

    Қарияларға құрмет

    8 months ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    6 months ago
    Жауапкершілік жүктелді

    Жауапкершілік жүктелді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.