Бүгін, 1 қазан күні Алматы облысының жастарына арналған “Алатау жастары” ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды!
Бағдарламаның мынадай бірнеше шарты бар:
* Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
* Бастапқы жарна – 10%;
* Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
* Несиелендіру мерзімі – 19 жыл.
Бағдарламаға келесідей санатқа кіретін адамдар қатыса алады:
* Өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
* ҚР азаматтығы бар;
* Бағдарламаға қатысушының, және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
* ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
* Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
* Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Өтініштерді қабылдау қазан айының 1-15 аралығында өтеді.
Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін.
Мекенжайы: Қонаев қ., 1 шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1 қабат, акт залы.
Толық ақпарат алу үшін +77066282806 Whatsapp желісіне хабарласуға болады.