Сөгеті ауылындағы, Жандосов атындағы орта мектепте АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ұйымдастыруымен еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуде атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі мен қауіпсіздік жүйелері талқыланды.
«Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының 70%-ы тозған, сондықтан жаңа және қауіпсіз энергия көздерін дамыту қажет. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тапшылық мәселесін шешіп, тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етеміз. АЭС жылына 100 млрд кВт/сағ-қа дейін энергия өндіруге қабілетті, бұл еліміздің қажеттіліктерін толық қанағаттандырады», – деді Халықтық штаб мүшесі Мурат Ақаев.
Мектеп ұжымы атом электр станцияларының заманауи технологияларымен танысып, олардың қауіпсіздік деңгейіне оң баға берді. АЭС салу – елдің болашағына бағытталған сенімді қадам.