АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері Гүлзира Болатқызы білім саласының ұжымымен жиналыс өткізді.
Бұл шараның мақсаты – АЭС құрылысына қатысты халықты ақпараттандыру және 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға азаматтарды белсенді қатысуға шақыру.
Кездесу барысында атом электр станциясының ел экономикасына тигізер оң әсері туралы айтты. Электр энергиясы – экономиканың қозғаушы күші. Әлемнің дамыған елдері бұл мәселені шешу үшін белсенді әрекет етуде. Қазіргі таңда әлемде 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істеп тұр, оның ішінде АҚШ-та – 94, Францияда – 56, Жапонияда – 12 және Ресейде – 36 реактор бар. Біз де бұл қадамды дұрыс түсініп, қолдауы керектігін айтты. Сондай – ақ АЭС жобасына қатысты қоғамда қарама-қайшы пікірлердің бар екенін ескеріп, жаңа технологиялардың артықшылықтарын атап өтті. «Бұрынғы және қазіргі технологияларды салыстыру мүмкін емес. АЭС құрылысы ІІІ+ буын технологиясымен жүзеге асады, бұл экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі тұрақты энергия көзі» – екенін айтты.
Жиын соңында 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысып, өздерінің таңдауын жасауға шақырды.