Өңірлік Халықтық штаб өкілдері Талғар қаласының «Малина десерт» ұжымымен кездесіп АЭС салудың елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын талқылады.
«Қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясының бір бөлігін импорттауға мәжбүр болып отыр. АЭС осы тәуелділікті азайтып, тұрақты әрі өзіміздің энергиямызды өндіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Халықтық штаб төрағасының орынбасары Джапаров Талғат.
Сонымен қатар, АЭС құрылысының жергілікті экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға тигізетін әсері сөз болды.