Бүгінде электр энергия жетіспеушілігі экономиканың, ауыл шаруашылығының дамуына, ірі өнеркәсіптік нысандардың ашылуына және тағы басқа салаларға кедергі келтіруде. Осы және өзге де мәселелер АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.
«Қазақстанда атом электр станциясын салу – бүгінгі күннің шындығынан, бүгінгі күннің сұранысынан туған бастама. АЭС экономиканың драйверіне, қозғаушы күшіне айналады. Жоғары білікті және жоғары жалақы төленетін мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болады. АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытатыны айтпаса да түсінікті: жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер салынады», – деді Р. Қажықанұлы сөзінде.