Бүгін, АЭС салуды қолдау жөніндегі Іле аудандық ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ мүшелері М.Сейдалиев, Н.Түймелиев, «Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндіріп, ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
Өз кезегінде, мекеме ұжымы Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.