Бүгінгі таңда кәсіпкерлер бақылаушы органдардың өз қызметіне тексеру жүргізу барысында қалыптасқан теріс тәжірибеге байланысты өз алаңдаушылықтарын білдіреді.
Кәсіпкерлік кодексінің 154 бабының 3 тармағының 7 тармақшасына (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексінің) сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні табыс етуге міндетті.
ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 жылғы №162 бұйрығымен бекітілген тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес (бұдан әрі-қағидалар) профилактикалық бақылау және тексеру мерзімі аяқталған кезде тіркеу және есепке алу субъектісі (нақты аяқталу мерзімінен кешіктірмей) ТСОБТ-да (тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі) профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы талонды толтырады, оның мәліметтері бойынша электрондық “тексеру нәтижелері туралы акт”, “бұзушылықтарды жою туралы нұсқама” 15 қосымшаға Ережеге сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады.
Қолданыстағы Ережелерде тексерілетін субъектіге тексеру және профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіні, сондай-ақ ТСОБТ жүйесі қалыптастырған нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы (жүйенің техникалық ақаулары болған жағдайларды қоспағанда) тапсыру көзделген.
Жоғарыда аталғанның негізінде бірлескен күш-жігермен бар кедергілерді еңсеруге және сындарлы ынтымақтастықты орнатуға болады.
Майлыбайұлы Е.
Алматы облысы Кәспкерлер палатасының
Құқықтық мәселелер
жөніндегі директордың
орынбасары