☀️
14°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа жобаларға жол ашқан

    05.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жаңа жобаларға жол ашқан
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

           «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, өскелең ұрпақтың қалай бой түзейтіні мұғалімнің адал еңбегіне, педагогикалық шеберлігіне, өз мамандығына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Осылай дегенде, Қарғалы ауылындағы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектепте физика пәнінен сабақ беретін Бақытәлі Даулешиярдың өз ісінің нағыз білгірі екенін ерекшелеп айтқымыз келеді.

    Бақытәлі физика зандылықтарын түсіндірген кезде тәжірибелік жұмыстарға ден қояды. Ол физиканы робототехникамен ұштастырып, мектепте «Өнертапқыштар әлемі» атты кішігірім топ құрып, кабинет жасақтады. Нәтижесінде оқушылар жасаған жаңа жобалар дүниеге келді. Физика сабағында тәжірибелік жұмыстар тек теорияның дұрыс екенін дәлелдеу үшін қажет болса, робототехника оны өмірде пайдалануға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Мысалы, 11-сынып оқушысы Тұрғанбай Ернұр тоқ кедергісімен электр моторының жылдамдығын басқара алатын, шамның жарықтығын өзгертіп, кванттық оптика бойынша жарық фотондарын қосу арқылы күннен автоматты түрде энергия алатын «робокүнбағыс» ойлап тапты. Оның бұл жобасы халықаралық ғылыми жарыста 2-орын алды. Сол сияқты ғылымға құштар оқушылар мектебімізде аз емес. «Автоматты қоқыс қабылдағыш», «Еден тазалайтын машина», «Автоматты мектеп қоңырауы», «Ақылды түнгі шам», «Жер сілкінісін хабарлағыш» сияқты жобаларды нәтижелі аяқтады. Олар бұл жетістіктерге тәлімгерінің арқасында қол жеткізді. Бақытәлі Дәулешияр оқушыларға білгенін үйретуден ешқашан жалықпайды.
    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық байқауда «Биомеханикалық протез» жобасын ұсынған Бақытәлі ­Дәулешияр жеңімпаз атанып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. Сондай-ақ «Қазақстан ұстазы» ұлттық байқауында педагогика саласындағы шығармашылық еңбегі үшін 50 жеңімпаздың қатарына қосылды.
    Жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенетіндігі белгілі. Оқушылардың жетістігі, олардың халықаралық байқаулар мен олимпиадалардағы жеңістері – мұғалімдердің кәсібилігі мен құзыреттілігінің нағыз дәлелі.

    Лаура ЖӘКЕНОВА,
    Әсет Бейсеуов атындағыорта мектеп директорының
    оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,
    Қарғалы ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    «Zhas Project» облыс жастарына қолдау көрсетеді

    «Zhas Project» облыс жастарына қолдау көрсетеді

    2 years ago
    ҚАРАУЫЛ ҚЫЗМЕТІ – СЕНІМДІ ҚОЛДА

    ҚАРАУЫЛ ҚЫЗМЕТІ – СЕНІМДІ ҚОЛДА

    1 month ago
    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    8 months ago
    Ауылдық округ әкімдері сайланды

    Ауылдық округ әкімдері сайланды

    2 years ago
    БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ТЕКСЕРУ ЖАСАЛМАҚ

    БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ТЕКСЕРУ ЖАСАЛМАҚ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>