Облыс орталығы Қонаев қаласында республикалық референдум күні ретро көліктердің шеруі өтті.
Саяси науқанға айрықша леп берген шара меценат Мұрат Сіргебаевтың бастамасымен жүзеге асты.
Қаладағы орталық көшелермен шерулеткен ретро көліктер дауыс беру учаскелерінің алдына тұрақтады. Ондағы мақсат, дауыс беруге келген халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Әр учаскеде 23 авто көліктен орналастырылды. Еске саламыз, облыста 463 учаске жұмыс жасап тұр.
Оның 30-ы Қонаев қаласында.