Талғар аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Нұрбатырова Айтжамал Әбдірешқызы өз таңдауын жасады.
«Ең алдымен, атом энергетикасы технологиялары соңғы онжылдықтарда алға жылжығанын түсіну керек. Қазақстанда пайдалануды жоспарлап отырған заманауи реакторлар ең қатаң халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Бұл ондаған жылдар бұрын салынған станциялар емес. Франция мен Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибесі көрсеткендей, олар дұрыс жұмыс істеген кезде үлкен аймақтарды қауіпсіз электрмен қамтамасыз ете алады. Бұл өте маңызды, өйткені елді тұрақты және таза энергиямен жабдықтау қажет деп білемін, мен жарқын болашақ үшін өз таңдауымды жасадым,»- дедім Айтжамал Әбдірешқызы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Талғарлықтар тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.