Балалар әдебиетінің класстигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтің інісі Ержан Амантаев референдумде өз таңдауын жасады.
Биыл ЮНЕСКО көлемінде 100 жылдық мерейтойы аталып өткен қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы, жерлесіміз Бердібек Соқпақбаевтың ағайындас інісі, қаламгердің көзін көрген ауданның абыз ақсақалы, 75 жастағы Аманбаев Ержан Исмағұлұлы Райымбек ауданы Текес ауылдық округі Текес ауылындағы №764 референдум участкесіне келіп, өз таңдауын жасады, ауыл тұрғындарына батасын берді.