Тыл еңбеккері, Талғар ауданының тұрғыны 85 жастағы Қаналбек Асқаров Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
«Бүгін ел үшін тарихи күн. Мен аға буын өкілі ретінде референдумға қатысып, дауыс бердім. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды», – деді ақсақал.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Талғарлықтар тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.