Бүгін елімізде АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған орай, Қонаевта 30 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 4-уі жабық.
Алматы облысының орталығында барлығы 44 451 дауыс беру құқығы бар адам тіркелген. Мүгедектігі бар азаматтардың да референдумға қатысуына барлық жағдай жасалған. Бүгін оларға арнап 1 инватакси қызмет етуде. Сондай-ақ шаһардағы қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр.
Бүгін қаланың 22 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы дауыс берушілердің тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 2 учаске (№947, №952) жұмыс істейді.