Ұйғыр аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жазерке» халықтық ұлт аспаптар және «Арзу» халықтық ән-би ансамбльдері де бүгінгі референдумда өз таңдауларын жасап қана қоймай, №927 дауыс беру учаскесіне келген дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй тарту етті.
Аудандағы 38 мүшесі бар қос ансамбль өз өнерлерін бұл күні аудан тұрғындарына арнады. Дауыс беруге келген азаматтар күмбірлеген күй тыңдап, әсем әнмен сусындап қайтты.
Қос ұлттың достығы мен бірлігін, татулығын насихаттаған ансамбльдер ұлттық киімдерімен көздің жауын алып қана қоймай, патриоттық ән жырқап, бүгінгі еліміздегі референдумның қазақ тарихындағы ерекше күн екендігін өнердің тілімен ұғындырды.