Шамалған ауылдық округінің тұрғындары, 5 түрлі электрсамокатпен №426 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.
“Бүгін 6-қазан Республика бойынша референдум науқаны өтуде. Осыған орай, өтіп жатқан референдумға Республика азаматы ретінде Шамалған ауылының жастары болып өз таңдауымызды ерекше түрде АЭС салуды қолдау мақсатында жасаған болатынбыз” – деп өз ой-тұжырым Шамалған ауылының тұрғыны Танатова Мөлдір Ильясқызы мәлімдеді.
Қарасай ауданы бойынша 117 референдум учаскесі бар, оның ішінде 116-сы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Саяси науқан күні Қарасай ауданының ауылдық округтарында, әжелер шашуын шашып, ауылдық округ тұрғындары ұлттық нақышта киініп дауыс беріге келді. 6-қазан күні отау құрып жатқан жас отбасы референдум күні, №432 сайлау учаскесіне келіп болашақ үшін өз дауыстарын берсе, олимпиада жүлдегерлері мен әлемдік деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары саяси науқанға қатысу азаматтық борыш деп санайтындарын жеткізді.