Үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова жолдасымен референдумда дауыс берді. Спорттағы жұлдызды жұп Нұрсұлтан Орынбасаров және Сора Рахмонова Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы №404 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Нұрсұлтан Орынбасаров – Алматы облыстық мәслихат депутаты, джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен Азия чемпионы, SAGADAT BATYR спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсу, аралас жекпе-жек спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР-ның спорт шебері.
Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері.