Ұйғыр ауданындағы Василевтар отбасы – елге танымал дәрігерлер династиясы. Карлин Митхатұлы Василев алтын қолды хирург дәрігер болған еді. Көпке шапағаты тиген Карлин Митхатұлының жақсылығын аудан тұрғындары көптеп көрген. Марқұм Карлин Василевтың жан жары Гулинур Василева да Ұйғыр аудандық орталық ауруханада балалар дәрігері болып еңбек еткен. Бүгінде құрметті еңбек дамалысында. Мінг, осы қос дігірердің ұлдары Бахтияр мен Рашидин да, қыздары Гузелья да алтын жүректі дәрігерлер. Бүгінгі жалпыхалықтық референдумда дәл осы жанұя мүшелері де келіп өз таңдауларын жасап қайтты.
Бізбен тілдескен Бахтияр Карлинқұлы Ұйғыр аудандық орталық аурухананың уролог-хирургі. Әке жолын қуған Бахтияр бұл күннің еліміз үшін аса маңызды күн екендігін ұғынып, оған әр азамат үлес қосуы қажеттігін терең түйсініп, отбасы мүшлерімен келіп дауыс бергендіктерін айтты. Дәрігерлер қауымы үшін де референдумға қатысып, мемлекеттің болашақ істеріне үлес қосу азаматтық парыздары екендігін сөз етті. Василев Бахтияр мен жолдасы Омарова Эльмира да тарихи сәтте тарихи таңдау жасады.