Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова да ел тарихындағы маңызды оқиға жалпыхалықтық референдумға келіп, өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі Бота Серікқызы «Мемлекет басшысы айтқандай, бұл референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі. Бұл расымен де «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» сипаты. Халықтың таңдауы – бәрінен маңызды. Сондықтан да бүгін ауданымыздың халқы да мемлекет тарихындағы маңызды оқиға референдумға барынша белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр», – деп ойымен бөлісті.
Сағат 12.00-дегі есеп бойынша Ұйғыр ауданындағы 40045 дауыс берушінің 22545-і өз таңдауларын жасап үлгерген. Бұл жалпы дауыс берушілер санының 56,3 пайызын құрайды.