Бүгінгі референдумға Ұйғыр ауданының жастары асқан белсенділікпен қатысуда. Соның бір айғағы әрбір дауыс беру учасакесіне жастар топтала келіп, өз таңдауларын жасауда. Тағы бір ерекшелі – жастардың ұлттық киімдерімен келуі.
Аудан орталығы Шонжыда жастар ұлттық киімдермен келіп, көпшіліктің көзайымына айналды. Жастарды ұйымдастырушылардың бірі Асқар Құсайынов бұл күннің маңыздылығын жан-тәнімен қабылдағанын, сондықтан да қазақ елінің болашағы үшін жасалып жатқан әр қадамға жастар мейлінше белсенділік таныту керектігін айтып өтті. Аудандық мәдениет үйіндегі дауыс беру учаскесіне келген жігіттер мен қыздар өз таңдауларын жасап, нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетті.