Қапшағай су қоймасының жағалауы ҚР Туристендіру картасына енген. Осыған байланысты Речников көшесінің жолы «Morelux» демалыс аймағына дейін ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Бұл көшенің ұзындығы – 2 шақырымға жуық. Алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту бағытындағы басқа да жобалар қолға алынбақ.
Бұдан бөлек, қаладағы 5 жол учаскесінде шұңқырлар жамалып жатыр.
Бас жоспар аясында 8-10 шағынауданның жолы күрделі жөндеуден өтіп жатқанын да айта кетейік. Көше 4 жолақты, ұзындығы – 14,3 шақырым. Жобаның аяқталу мерзімі ендігі жылға жоспарланған. Ал Кешенді даму жоспары аясында 10 жобаның құжаттары дайындалуда.