Бұған дейін мәлім еткеніміздей, қаладағы бірнеше нысанның құрылысын «SHEBERBUILD» ЖШС ұтып алған.
Оның бірі – №2,4,5 шағын аудандардың жылу желісін ауыстыру жобасы. Аталған серіктестікпен 2023 жылдың сәуір айында келісімшартқа қол қойылған. Мерзімінен кешіктіріліп жатқан жұмыстар бойынша ТҮКШ бөлімі бірнеше рет хат жолдап, мердігердің ісі сотта қаралды. Соңғы шешім бойынша ТҮКШ бөлімі келісімшартты біржақты бұзды.
Содан кейін мемлекеттік сатып алу порталында жаңадан конкурс жарияланып, «Ramboll Corp.» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды. Жаңа компания өз жұмысын бастап кетті. Қазір жылу құбырларының дұрыс жалғанып, жалғанбағаны тексеріліп, қазылған жерлер жабылып жатыр. Жалпы алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Кейінірек Алматы көшесінің бойы абаттандырылады.
Екінші жоба – №10 шағынауданда 60 пәтерлік көпқабатты үш үй салу. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. «SHEBERBUILD» ЖШС-мен шарттардың орындалмауына байланысты келісімшарт бұзылды. Нысанның құрылысын аяқтау мақсатында «Санур Строй-А» ЖШС-мен 2024 жылдың қыркүйегінде жаңа шартқа қол қойылды. Көппәтерлі тұрғын үй 30 қарашаға дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі