Алматы облыстық мәслихатының жиырма жетінші сессиясында Виталий Гринченко депутаттық мандатқа ие болды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Шешім «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының арнайы қаулысымен қабылданды. Қаулыға сәйкес, Гринченконың кандидатурасы партияның облыстық тізімінен ұсынылып, мәслихаттағы бос мандаттың бірін иеленді.
Виталий Гринченко Николаевич 1966 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын 1988 жылы геолог ретінде бастаған. Кейіннен «Дәулет – Дорстрой» және «Дортехмонтажсервис» компанияларында директор қызметтерін атқарған.
Бұған дейін ол бірнеше мәрте Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Сондай-ақ ол «Құрмет» орденімен және Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған бірқатар медальдармен марапатталған.
Айта кету керек, Алматы облыстық мәслихатында 35 депутат бар. Бұған дейін үш депутат өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.