Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Алматы облыстық, Іле, Жамбыл, Балқаш аудандық және Қонаев қалалық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтетінін хабарлайды. Сайлау бірмандаттық жеті сайлау округтері бойынша өтеді.
Шығып қалған депутаттардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.
Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін облыстың, аудандардың және Қонаев қаласының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.
Алдағы уақытта болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты облыс, аталған аудандар мен Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан алуға болады.