Республика күні мерекесі қарсаңында Балқаш ауданы Ақдала ауылдық округінде бір ауысымда 30 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) ашылу салтанаты өтті. ФАП құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2023 басталған болатын. Жер телімі 0,3000 га, сметалық құны 210 239,49 мың теңгені құрайды. Мердігері «ГрадСтройСервис» ЖШС. Шараға қатысқан аудан басшысы Құтпанбетов Азат Үкітайұлы жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ете беруін жеткізді және мерекемен құттықтады.