Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында аудан орталығы Кеген ауылында шағын футбол алаңы ашылды. Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, ауылдық округ әкімі Руслан Масенов тұрғындар қуанышына ортақтасып, ізгі лебіздерін арнады.
– Балаларға арналған шағын футбол алаңы құтты болсын! Ауданда салауатты өмір салтын ұстанған жастардың қатары көбейе берсін, – дей келе, аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында ел игілігіне берілген спорт алаңы болашақ чемпиондар шығатын құтты орынға айналуына тілектестік білдірді.
Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, аудандық мәслихат хатшысы Алмасбек Нұғыман, қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Әділжанұлы спорт алаңының құрылысын жүргізген «CNToonst» ЖШС мамандарына ризашылықтарын білдірді
Спорт алаңының лентасын аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, ауыл ақсақалы Әбіл қария қиып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Бұдан кейін жаңадан ашылған шағын стадионда футболдан турнир өтті. Спортшылардың шеберлігіне жиналған жұрт тәнті болды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тағайындаған кубок, медальдар табыс етілді.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,
Кеген ауданы