-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абысын тату болса…

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Абысын тату болса…
    0
    SHARES
    54
    VIEWS

         Дана халқымыз «Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп» дегенді бекер айтпаса керек. Әрбір шаңырақтың берекесі, ер-азаматының серігі ғана емес, ауыл-аймақтың ұйытқысы болып жүрген аяулы келін, абысын-ажындармен қазақтың іргесі мықты екені сөзсіз. Сондықтан да ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттап келе жатқан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі жыл сайын «Абысын-ажын» фестивалін өткізуді қолға алып келеді.

    Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған фестиваль тізгіні Алматы қаласы мен Алматы облысы филиалдарына тиді. Тоғыз облыстан жиналған ақ орамалды абысын-ажындар сөзге шешен, іске шебер, бірінен-бірі өткен өнерлі, алғыр да талантты келіндер екенін көрсетті.
    Байқауға қатысушылар бір апта бойы торсық дайындап, оның ішіне өздері ашытқан қымыз, шұбатын құйып, құрт-майын, қарын бүрмесін, балқаймағын әділқазылар алқасына ұсынды. Келіндер сахнада өзін ұстау мәдениетімен дараланып, ойлануға берілген уақытты қалт жібермей тиімді пайдаланды. Байқаудың әр кезеңіне тың тақырыптар таңдалып, оның көрсетілуі де жақсы ұйымдастырылғанына куә болдық.
    Бас төрайымымыз Айнұр ­Жүгінісова бастап, бас кеңесші ­Зәмзәгүл қажы анамыз қоштаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының абысын-ажындарына тиесілі болды. Ал 1-орын сәні мен сымбаты жарасқан маңғыстаулық келіндерге бұйырса, ибалы да инабатты Баянауыл келіндері 2-орынды, ақылы көркіне сай Абай облысының абысындары 3-орынды еншіледі. Қалған облыстардан келген сайыскерлер де Алғыс хат пен заттай сыйлықтарға ие болды. Табиғи көркем сұлулығымен баураған ақтөбелік келіндер көрермендердің көзайымына айналды.
    Кеш соңында «Astana Flaza» мейрамханасында дастарқан жайылып, келген қонақтар мен қатысушы барлық анаға құрмет көрсетілді. Білім саласына өлшеусіз еңбек сіңірген ұстаз, сексеннің сеңгіріне шыққан ардақты анамыз Баян Ахметова дастарқан батасын беріп, қонақтарға ақ жол тіледі.
    Сайысқа қатысқан барлық келінге және шараны ұйымдастыруға атсалысқан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы басшысы Ләйлә Дәулет ханым бастаған аудан төрайымдарына ризашылығымызды білдіреміз. Қазағымның салт-дәстүрі жаңғыра берсін!

    Кәмила Сапархайыр,
    «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық
    бірлестігі Іле аудандық филиалының төрайымы

    Ұсынымдар

    Өмірдің өзі – қозғалыс

    Өмірдің өзі – қозғалыс

    2 months ago
    Сарбаздар сап түзеді

    Сарбаздар сап түзеді

    1 month ago
    Департаментке жаңа басшы келді

    Департаментке жаңа басшы келді

    2 years ago
    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    12 months ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    “Таза өлке”: Қонаевта тұрғын үйлердің аулалары тазаланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.