⛅
2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЭС құрылысын қолдады

    03.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    АЭС құрылысын қолдады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Алатау қаласындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде Халықтық штаб мүшелері сарбаздармен кездесіп, алдағы референдум жайлы талқылады.

    Кездесу барысында Халықтық штаб мүшесі Роза Абилова елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС жобасының маңыздылығын атап өтті.

    Оның айтуынша, атом энергетикасы Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық қадамдардың бірі. Бұл жоба елді энергетикалық тәуелсіздікке жақындатып, экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

    «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі – болашағымыздың кепілі. Қазіргі уақытта біз электр энергиясы тапшылығын сезініп отырмыз. Ал дәстүрлі энергия көздері қоршаған ортаға зиян келтіруде. АЭС құрылысы – осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы. Бұл жоба біздің энергетикалық әлеуетімізді арттырып қана қоймай, экологиялық таза және тұрақты энергия көзін қамтамасыз етеді», – деді Роза Абилова.

    Ал Халықтық штаб мүшесі Ерлан Жакупов өз сөзінде АЭС-тің экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімділігіне ерекше тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстан уран қоры бойынша әлемде көшбасшы елдердің бірі болғандықтан, атом энергетикасын дамыту арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік бар. АЭС парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға және Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсартуға үлкен үлес қосады.

    «Бүгінгі таңда әлемдегі 440-қа жуық жұмыс істеп тұрған АЭС-тер жыл сайын 2,5 миллиард тонна парниктік газдардың шығарылуын болдырмауда. Бұл – жаһандық экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды фактор. Қазақстанның да бұл технологиядан қалыс қалмай, болашаққа сенімді қадам жасауына барлық мүмкіндіктер бар», – деп атап өтті ол.

    Кездесуге қатысқан сарбаздар да АЭС құрылысына қолдау білдіріп, референдумның маңыздылығын түсінетіндерін айтты. Әскерилер атом энергетикасы туралы өз пікірін ортаға салып, бұл жоба Қазақстанның стратегиялық дамуына оң әсер ететінін айтты.

    Жиын соңында штаб өкілдері алдағы референдумның маңыздылығын ерекше атап өтіп, әрбір азаматтың дауыс беруі арқылы ел болашағына өз үлесін қосатынын айтты. Олар сарбаздарды 6 қазанда өтетін референдумға белсене қатысып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды шешімге қолдау көрсетуге шақырды.

    Ұсынымдар

    Дүбірлі дода мәресіне жетті

    Дүбірлі дода мәресіне жетті

    1 year ago
    Тәрбие – тал бесіктен

    Тәрбие – тал бесіктен

    2 years ago
    Қоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер

    Қоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер

    6 months ago
    МЕН КӨКТЕМДІ КҮТЕМІН!..

    МЕН КӨКТЕМДІ КҮТЕМІН!..

    10 months ago
    Жастарға арналған саябақ

    Жастарға арналған саябақ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>