-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Ақ күріш – Балқаш байлығы

    16.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Дала дүбірі қызған шақ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Ақ күріш – аграрлы өңіріміздің басты байлығы. Осы тұрғыда аудан диқаншылары жаз бойы күтіп-баптап өсірген ақ маржанды төкпей-шашпай жинап, уақытылы қамбаға құйып алудың қамына білек сыбана кірісіп кеткен. Мол өнімді жинауда бар күшін жұмсап жатқан шаруашылықтардың бүгінгі еңбегі орасан.

    Аудандық ауыл шаруашылығы мамандарының ұсынған ақпаратына сүйенсек, диқаншылар ерте көктемде кетпен-күректерін қолға алып, 28 570 гектар суармалы жерге егін ексе, оның 6697 гектарына күріш дақылын сепкен. Енді, міне, күріш егілген алқаптың 4574 гектарын шауып, 2957 гектарын бастырып та үлгерген.
    Өңірдегі ақ маржанды ору нау­қаны бойынша көш бастап тұр­ған шаруашылықтардың бірі – Бірлік ауылдық округіне қарасты «Агорфирма «Бірлік» ЖШС. Аталмыш шаруашылықтың егіс алқабына арнайы атбасын бұрып, ол жердегі қызу еңбекті көзбен көріп, дала төсін дүбірге бөлеп, ерте тұрып, кеш жатып, егін орағын ысырапсыз жинауды мақсат тұтқан диқандармен сұхбаттастық.
    Егіс алқабында жұмыс бары­сын бақылап тұрған «Агрофирма «Бірлік» ЖШС директоры Алмас Әбдіжаппарұлы бізді көріп, атқаратын жұмысы шаш етектен болса да бар шаруасын кейінге қалдырып, біздің қойған сұрақтарға жауап беріп, күнделікті атқарып жатқан жұмыс барысын байыппен баяндап берді.
    Алмас Әбдіжаппарұлының айтуын­ша, бүгінгі таңда 1320 гектар күріш алқабын толықтай шалғыға жығып, оның 1000 гектарын бастырған. Қырманға 5000 тонна астық түсіріп, күріштің әр гектарынан орташа есеппен 50 центнерден өнім алуда. Сонымен қатар 1360 гектар жерге егілген бидай дақылынан 3400 тонна астық жинап, әр гектарынан 25 центнерден өнім алыпты. Мұның сыртында қысқы мал азығы ретінде 25 мың орама шөп дайындаған.
    Күріш орағына 18 комбайн жұмыл­дырылып, шабу, бастыру жұмыс­тарын жүзеге асыруда. Астық тасымалдауға «МТЗ-1221» тракторлары сақадай-сай тұр.
    Жауапты науқанда күн-түн демей жанталасып, жұмыс істеп жатқан еңбек майталмандарының қатарын­да шаруашылықтың бас агрономы Бақытжан Сәбитов, механизаторлар Ерболат Әтенбеков, Мирас Мейрам, Сәбит Дабыловтың есімдерін ерекше атап өтуге болады.
    Ел аузында кеңінен тараған «Еңбектің көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген қанатты сөз ақ маржанды алажаздай өсіріп-баптап, ел берекесін тасытып жүрген аудан диқандарына бағытталып айтылса керек. Олардың жаз бойы төккен терінің өтелетін кезі – осы егін ору науқаны. Ал бітік өскен әрбір дәнді ысырапсыз жинап алу – диқандардың басты мақсаты.
    Ақ күріш – аудан байлығы. Диқандардың ендігі міндеті – алажаздай баптап өсірген ақ маржанды төкпей-шашпай жинап алу. Ендеше, ерте тұрып, кеш жатып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген диқандар қауымының жұмысы берекелі болып, қамбалары астыққа толары сөзсіз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта мүмкіндігі шектеулі 53 бала шипажайға барды

    Қонаевта мүмкіндігі шектеулі 53 бала шипажайға барды

    2 years ago
    Мектептегі тәрбие жұмысы бірізге түсірілмек

    Мектептегі тәрбие жұмысы бірізге түсірілмек

    2 years ago
    Қазақтың бұлбұлы

    Қазақтың бұлбұлы

    6 months ago
    Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

    Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

    8 months ago
    Қолына қыран қондырған

    Қолына қыран қондырған

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.