-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бүлдіршіндер тұсауы кесілді

    14.10.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық, Өңір тынысы
    Бүлдіршіндер тұсауы кесілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында орналасқан «Ақ жол-М» балаларды оңалту орталығында ерекше шара өтті. Мұнда қаңтар айынан бері тірек-қозғалыс аппараты және психоневрологиялық кінаратынан сауығып, аяқтарына тұра бастаған 30 баланың тұсауы кесілді.
    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жұмыс істейтін бұл орталыққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «Қазақстан халқына» қорының құрылтайшысы Эльмира Алиева, осы қордың төрағасы Болат Жәмішев, облыс әкімінің орынбасары Рүстем Исатаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, «Нұр Мүбәрак» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбай, кәсіпкер-меценат Сырым Тау, Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков арнайы келіп, осы жерде жыл басынан ем алып, аяқтарына тұрған балалардың тұсауын кесу рәсіміне қатысты.
    Шара басталмас бұрын меймандар орталықты аралап, ерекше балаларға жасалған жағдай, көрсетіліп жатқан қызмет түрлерімен танысты. «Ақ жол-М» қоғамдық қоры әрі осы атаумен аталатын балаларды оңалту орталығының жетекшісі Рушангүл Тохтахунова мұнда қандай қызмет көрсетіліп, оңалту жұмыстары жүргізілетіні жайында жан-жақты айтып берді. 2014 жылдан бері жұмыс істейтін бұл орталықтың басты мақсаты – тірек-қозғалыс аппараты және психоневрологиялық кінараты бар балаларға әлеуметтік бейімдеу бағытында кешенді медициналық, психологиялық және педагогикалық оңалту жұмыстарын жүргізу. Қазіргі кезде 70 балаға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес күндізгі күтім көрсетілуде.
    Рушангүл Тохтахунованың айтуынша, «Ақ жол-М» қоғамдық қоры 2020 жылдан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен 58 балаға арнайы әлеуметтік көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырыс алып келген. Ал биыл қосымша келісімшарт жасалып, тағы 12 балаға қаржы бөлінетін болған. Орталықта мемлекеттік тапсырыспен келетін 70 баладан бөлек, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының 100 жеткіншегіне көмек көрсетіледі. Жалпы әр күні оңалту қызметін үздіксіз алғысы келетіндердің саны 140-170 балаға дейін жетеді екен. Қазіргі кезде оңалту орталығының қамқорлығында 500-ден астам бала бар. Мекеме жұмыс істеген 10 жыл ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан аса бала оңалтудан өткен.
    Мұндағы оңалту қызметі амбулаториялық жағдайда күндіз жүргізіледі. Шараға қатысқан меймандарға жаттығу залы, бассейн, УЗДГ, ЭЭГ аппараттарында диагостика жасау, емдік дене шынықтыру кабинеттері мен асхана көрсетілді. Локомоторлы терапия кабинетінде емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы Геннадий Месяцев мұнда балалар қалай ем-дом алатыны және қандай терапия түрлері көрсетілетіні жайында жан-жақты айтып берді. Оның түсіндіруінше, ем-дом алушы балалармен қосымша еңбек және механотерапия сеанстары, оқу, музыка, би билеу, тіл үйрену, спортқа баулуға арналған жаттығулар өткізіледі.
    Алыс-жақыннан келген қонақтар орталықты аралап, оның жұмысымен танысқан соң, дәстүрімізге сай, ауыл ақсақалы Тынышбек Дүйсенбеков ақ батасын берді. Одан соң тұсаукесер рәсімі басталды. Көз тартарлық көркем ұлттық киімдер киген 30 бүлдіршіннің әрқайсысының есімдері аталып, салтанатты түрде тұсаулары кесілді. Бұл рәсімді атқару құрметі Светлана Жақыпова, Эльмира Алиева, Болат Жәмішев, Рүстем Исатаев және Таңат Айдарбековке берілді. Салтанатты шара кезінде ән әуелеп, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Меймандар жаңа ғана тәй-тәй басып, тұсауы кесілген балалар мен олардың ата-аналарын, жиналған жұртты бүлдіршіндердің өміріндегі осынау қуанышты сәтпен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ең алдымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сөз алды.
    – Бүгін осы орталықта қаңтар айынан бері оңалту қызметін алып, аяқтарына тұрған 30 бала үшін ең есте қалатын күн. Мен осындай салтанатты шараға қатысып, бұл балалардың шаттық күлкісін көргеніме өте қуаныштымын. Қазір елімізде мұндай орталықтар өте аз. Ал Алматы облысы Қазақстанда баламасы жоқ осы оңалту орталығының арқасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр. Мемлекет тарапынан да қолдау танытылады. Алдағы жылдан бастап бюджеттік қаржылар негізінде мүмкіндігі шектеулі 130 балаға көмек беру үшін лицензия енгізіледі. Басқаша айтқанда, бұл орталықтағы 200 баланың 70-і демеушілердің қамқорлығында болса, 130 жеткіншек мемлекеттік қолдаудың есебінен емделетін болады, – деді министр.
    Одан соң «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев сөз алды. Ол аталмыш қор бұл орталықты заманауи инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қомақты қаржы бөлгенін, жалпы орталық халықтан жиналған қаржыға салынғанын жеткізді.
    – Біз балаларымыздың қуанышы, олардың әрқашан әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғалуы үшін әрі қарай да бұл орталыққа қуана көмек көрсетеміз. Қазір еліміз бойынша осындай 19 орталық құрылып жатыр, оларды да қолдауға дайынбыз, – деді ол.
    Салтанатты шарада Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков, меценат Сырымбек Тау оңалту орталығына бағалы сыйлықтар табыстады.
    Өз кезегінде «Ақ жол-М» балаларды оңалту орталығының директоры Рушангүл Тохтахунова ұлттық дәстүріміз саналатын тұсау кесер рәсімі жайында ойын айтып, шараға қатысқан қонақтар мен осы мекемеге еңбегі сіңген қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыстады.
    – Тұсау кесу – бала мен оның ата-анасы үшін өте маңызды ұлттық дәстүр. Біздің халқымыз әрқашан оны мол дастарқан жайып, салтанатты түрде атап өткен. Баланың өмір жолы сәтті болсын деп тұсауын елге абыройлы, беделді адамдарға кестірген. Бүгін тұсауы кесілген балаларымыздың қадамы осы игі дәстүрді атқарған елге белгілі аға-апаларының жолындай табысты, жемісті болсын! Осы шараға арнайы келіп, балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін мың алғыс, – деді орталықтың салынуына жолдасы Нариман Тохтахуновпен бірген бастамашы болған, бүгінде оның директоры қызметінде үлкен сауапты қызмет атқарып келе жатқан Рушангүл ханым.
    Ұлттық дәстүріміздің өшпес үлгісіндей болған игі шара оңалту орталығының қызметкерлері дайындаған көңілді концертпен аяқталды.

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    4 weeks ago
    Бердібектің бұлағы

    Бердібектің бұлағы

    9 months ago
    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    2 years ago
    Тұрмыстық зорлық-зомбылық шаралары күшейтіледі – Президент

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын күшейтетін заң қабылданды

    1 year ago
    Үш дүркін  әлем шыңын бағындырды

    Үш дүркін әлем шыңын бағындырды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.