-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Диқандар еңбегі ақталды

    16.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ақ күріш – Балқаш байлығы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Алып мегаполис – Алматының іргесінде орналасқан Қарасай ауданында бүгіндері бір қала мен 46 елдімекен орналасқан. Өндіріс орындары бой көтеріп, өнеркәсібі дами түскен өңірде ауыл шаруашылығына арналған жерлер күн санап тарылып келеді. Ауданда бүгіндері барлығы 200952 гектар жер тіркелген болса, ауыл шаруашылығы бағытындағы алқап көлемі 126230 гектарды құрап отыр.

    Өңірде бүгіндері 2 мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ бақша дақылдары ғылыми-зерттеу институтына қарасты картоп институты), 27 өндірістік коопера­тив, 101 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2332 шаруа қожалығы агроөнеркәсіп саласын дамытуға өз үлесін қосып келеді. Осы аталған құрылымдар 39489 гектар алқапқа дәнді дақыл өсіруде. Суармалы жердің көлемі 14141 гектарды құраса, 9069 гектар жерге бірнеше жылдан бері соқа салынбай келгені анықталып отыр. Сонымен қатар 4470 гектар жер шабындыққа арналған болса, 2832 гектарды көкөніс бақшалары мен жеміс-жидек бақтары жайлаған. Барлық жайылымдық жердің көлемі 70370 гектарды алып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында 45016 адам еңбек етіп, нәпақаларын осы бір берекелі шаруадан тауып келеді.
    Биыл ылғалдың мол болғанын жақсы білеміз. Еліміздің батысы мен солтүстігінде қарғын судың салдарынан кейбір елдімекен суға кетіп, халықты үлкен әбігерге салғаны да рас. Сонымен бірге, жаз айларында жаңбырдың көп жауғаны астық пен табиғи шөптің бітік шығып, ел ырыздығын еселеуге септігін тигізгені де жасырын емес. Мысалы, биыл қарасайлық диқандар 1535,8 гектар алқапқа бидай, 7922,6 гектарға арпа еккен болса, бидайдың әр гектарынан – 29, арпаның гектарынан 26 центнерден өнім алып, соңғы жылдары болма­ған көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ал, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтына қарасты алқаптардың әр гектарынан 40 центнер өнім алынғаны көңілге қуаныш ұялатады.
    Қарасай аудандық ауыл шаруа­шылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаевтың айтуынша, биыл бақша дақылдары да жақсы өнім берген. Атап айтқанда, 3866,4 тонна картоп, 69 тонна бақша өнімдері, 913,8 тонна жүгері, 2815 тонна көкөніс, 695 тонна қырыққабат, 183 тонна пияз, 4010 тонна сәбіз, 204 тонна қызанақ, 247 тонна қияр, 514 тонна ас қызылшасы, 392 тонна майлы дақыл, 198 тонна қытай бұршағы, 189 тонна сафлор өндіріліп, тұтынушыларға жеткізілген.
    Жаңбырдың жиі жауғаны мал азығын молынан дайындауға мүм­кіндік берді. Осылайша, бітік шыққан шабындық жерге дер кезінде шалғы салып үлгерген шаруалар бүгінге дейін 86,4 мың тонна шөп, 16,5 мың тонна сабан, 17,2 мың тонна жем мен 10,5 мың тонна пішендеме дайындап, қытымыр қысқа сақадай сай отыр.
    Ауыл шаруашылығы жұмыстары­ның уақытылы әрі сапалы атқарылуы техниканың дайындығы мен жанар-жағармайдың жеткілікті болуына тікелей байланысты. Осының арқа­сында дала жұмыстары уақытылы әрі сапалы аяқталып, ел ырыздығы ысырапсыз жиналды. Аудандағы техникалық автопаркті жаңарту мақсатында 2022 жылдан бастап 95 дана жаңа ауыл шаруашылығы машиналары сатып алынған. Биыл тағы 46 дана техникамен толыққан. Осылайша, бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 34 пайызды құрап отыр.
    Биыл күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 17 ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен 328 тонна жанар-жағармайды жеңілдетілген баға­мен алуға өтінім беріліп, оның 148 тонна­сына оператормен келісімшарт жасалды. Қалған 233 тоннасы қазан-қараша айларында игеріледі деп күтілуде.
    Бүгіндері ауданда 1057 гектар жер – тамшылатып суару, ал 1 353 гектар алқап жаңбырлатып суару техно­логиясын пайдаланып келеді. Сонымен бірге 1258 гектар жер теліміне су үнемдеу технологиясы бойынша жабдық­тауға келісімшарт жасалды. Оның 1015 гектарына тамшылатып, ал 242 гектарына жаңбырлатып суару жүйесі орнатылады деп күтілуде.
    Мал шаруашылығына келер болсақ, соңғы жылдардағы құрғақшылық, мал азығы бағасының күрт қымбаттауы саланың дамуына айтарлықтай залалын тигізгені байқалады. Соның салдарынан жылқы мен мүйізді ірі қара саны елеулі түрде кеміп отыр. Алайда қой-ешкі мен шошқа, құс қатары арта түскен. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде мал мен құс еті, сүт пен жұмыртқа жоспары артығымен орындалуда.
    Ауыл шаруашылығы саласын дамы­туға мемлекет тарапынан көрсе­тілетін көмек те жылдан-жылға ұлғая түсуде. Атап айтқанда, ауданда «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы бойынша жалпы құны 2,7 млрд теңге болатын 313 жобаның өтінім құжаттары жинақталды. Бүгінге дейін 52 несие алушыға 448,5 млн теңге берілген.
    Өңірде «Ауыл аманаты» бағдар­ламасының көмегімен несие алып, біріге еңбек етуге бел буған коопера­тивтер саны да артып келеді. Атап айтқанда, осы жоба шеңберінде ауданда 13 өндірістік кооператив тіркеліп, 9 кооперативтің құжаттары қабылданды. Нақтылап айтар болсақ, Әйтей ауылдық округіне қарасты «Алл-Металл» металл өндірісі, Бірінші май ауылдық округінде «ПК «Бекболат Жани К», СПК «Қайнар Агротуризм», Ұмтыл ауылдық округінде «Панорама» пластик өнімдерін өндіру және «Олжа Бекерке», Жібек жолы округінде «Төре», «Лама», Жандосов ауылдық округінде «Сұңқар-Сайғақ» мал шаруашылығы кооперативтері жұмы­сын жалғастыруда.
    Иә, биылғы жыл ауданның диқан­дары мен шаруа қауымы үшін сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Ендігі міндет – қол жеткен табысты төмендетіп алмай, жұмыла еңбек ету.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    2 years ago
    Ауызсудан тарықпайды

    Ауызсудан тарықпайды

    11 months ago
    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    2 years ago
    Бәрі де балалар үшін

    Бәрі де балалар үшін

    12 months ago
    Алматы облысындағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет

    Алматы облысында үш жылда 63 мектеп салынбақ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>