-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЕЛГЕ ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ КЕРЕК

    06.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Референдум, Сұхбат
    ЕЛГЕ ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ КЕРЕК
    0
    SHARES
    86
    VIEWS
             Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында «Тексан Қазақстан Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр бұйымдарын шығаратын зауыты жұмыс істейді. Аталған өндіріс орнының директоры Нұрмұхан Маделиевтен кәсіпорынның жұмысымен қатар Қазақстанда атом электр стансасын салуға қатысты пікірін де сұраған едік.
    – Нұрмұхан Ильгизұлы, бүгінгі жалпыұлттық референдумға қатыстыңыз ба?
    – Әрине қатыстым. Қазақстанның азаматы ретінде тұрғылықты жерім бойынша, яғни өзім тіркелген Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы дауыс беру учаскесіне барып, елімізде атом электр стансасын салуға байланысты ұстанымымды білдірдім.
    – Ал зауыт жұмысшылары саяси белсенділік танытты ма?
    – Бүгін, 6 қазан жексенбі болғандықтан, зауыт жұмыс істемейді. Жұмысшылар өздері тіркелген орындарда дауыс берді ғой деп ойлаймын. Елімізде әрбір адамның Конституциямен бекітілген құқы бар, соған сәйкес әркім өз таңдауын жасайды. Зауытта 100-ден аса жұмысшы еңбек етеді. Көпшілігі Қасымбек ауылында және соған жақын маңдағы Үмбетәлі, Мыңбаев, Шолаққарғалы сияқты елдімекендерде тұрады. Негізінен Қасымбек орта мектебінде орналасқан дауыс беру учаскесінде тіркелген.
    – АЭС туралы қандай пікірдесіз?
    – Бұл мәселеге көзқарасым оң. Себебі біздің елге тұрақты энергия көзі керек. Егер Қазақстанда АЭС салынатын болса, мұны өте ауқымды, керемет жоба дер едім. Атом электр стансасы болашағымыз, бала-шағамыздың ертеңі үшін керек. Қуат көзін көршіден алғанша, өзіміз өндіргеніміз әлдеқайда тиімді емес пе? Басқа елге алақан жайғанша, өзімізде болғанға не жетсін? Болашақта энергетикалық тәуелсіз ел болуымыз керек. Ешқандай да өзге мемлекетке тәуелді болмау жағын ұстануымыз керек. Оның ішінде энергетикалық та тәуелсіздікке ие болуға тиіспіз. Яғни мен елімізде АЭС салу бастамасын қолдаймын.
    – Зауытқа қазір электр қуаты қажетті мөлшерде келіп тұр ма?
    –  Иә, қазір біздің зауытта электр қуаты жеткілікті. Бірақ, болашақта өндіріс орны кеңейетін болады. Соған сай энергияға қажеттілік те артатыны сөзсіз. Еліміз бүгін энергиямен қажетті қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазірдің өзінде кейбір өңірде тапшылық байқалады. Сол себепті де еліміз өз АЭС-ін салуы керек деп есептеймін. Бұл әсіресе ірі  өндіріс орындарына өте қажет.
    – Зауыт қандай тауар өндіреді?
    –  Өндіріс орнының құрылғанына 10 жылдан асты. Алғашында 25 жұмысшымен ісін бастаған кәсіпорында жұмысшылар саны артып, өндіріс үдерісі қалыпты жолға қойылды. Мұнда жарықдиодты шамдардың 350-ден астам түрі шығарылады. Олардың қатарында кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі шамдар бар. Сонымен қатар электр сымдары, ыңғайлы оқушы парталары, көшеге, саябақтарға арналған әдемі орындықтар, кеңсе сейфтері, төсек сияқты басқа да сапалы бұйымдар өндіріледі.
    – Өнімі қайда өткізіледі?
    – Зауыт өнімдері өз елімізден басқа таяу шетелдерге, оның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстанға, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Латын Америкасына да экспортталды. Техникалық жарақтандырылуына тұрақты түрда инвестиция салынады. Өйткені мұнда ең басты қағида – тек қана сапалы өнім шығару.
    – Сұхбатыңызға рахмет!
    Сұхбаттасқан – Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Өмір барда өнер бар

    Өмір барда өнер бар

    7 months ago
    Облыс әкімінің  «Заңғар» жастар сыйлығы табысталды

    Облыс әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығы табысталды

    1 year ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    2 years ago
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    8 months ago
    Сахара сандуғашы

    Сахара сандуғашы

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.