-13 °c
Qonaev
Thursday, September 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мерейлі мереке

    03.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Мерейлі мереке
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Халықаралық қарттар күні Тәңіртау етегіндегі ақ пейіл жұрттың асыға күтетін қасиетті мерекесіне айналған. Осынау орны бөлек қастерлі шараны ауданның үлкен-кішісі биыл да зор мереймен қарсы алды. Қазыналы қарттар мен ақ жаулықты аналарға лайықты құрмет көрсетіп, қуаныштарын бөлісті.

    Дәстүрлі мерекені бірінші болып Қымбат Әжікеева мен Салтанат Кемекова басшылық жасайтын аудандық кітапхана мен балалар кітапханасының ұжымы бастады. Рухани қазына мекенінде ақ дастарқан жайып, береке мен бірліктің, татулық пен ізгіліктің ұйытқысы саналып жүрген қадірлі қариялардың бастарын қосты. Аудандық мешіттің наиб-имамы Көпірәлі Әлғожаның ақ батасымен ашылған мерекелік дастарқан басында салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, ұрпақ тәрбиесіне қатысты, қарттардың қоғамдағы алатын орны жайлы әсерлі әңгімелер кеңінен өрбіді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлтымызға тән бата-тілектердің маңызы мен мәні төңірегінде ортақ ой тоғысты. Бүгінде қазыналы қарттардың қатарын түзеген Райымбек ауданының Құрметті азаматтары Қанат Ахметов пен Советбек Әубәкіров кітапхана қызметкерлерінің мерекеде мерейді тасытқан құрметі мен ыстық ықыласқа толы ақжарма тілектерін жеткізді. Заман ағымы, уақыт тынысы тудырып отырған көкейкесті мәселелер жөнінде ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Адам бойына рухани нәр беретін кітап оқуға құмарлық, жастар мен жасөспірімдердің әдебиетке деген көзқарасы туралы да келелі әңгімелер көп айтылды. Өз кезегінде Ләззат Күлипаева, Айтолқын Өтемеш, Майгүл Өтегенова сияқты кітапхана қызметкерлері де шақыртуларын қабыл алып, кездесуге келген, ортақ ой тоғыстырып, емен-жарқын әңгіменің көрігін қыздырған қарияларға ақ тілекке толы лебіздерін арнады. Кітапхана директоры Қымбат Әжікеева қарияларға зор денсаулық, ғибратты ғұмыр тілеп, ұжым атынан естелік кітаптар сыйлады.
    Аудандық кітапханадан басталған мереке Б. Мұқай атындағы Мәдениет үйінде жалғасты. Салтанатты шараға әр ауылдан арнайы шақырылған қазыналы қарттар, ақ жаулықты аналар, ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің төрағалары, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл әкімдері қатысты. Аудан әкімі Берік Дүйсенбаев қарттарды төл мерекесімен құттықтады.
    – Құрметті қариялар! Сіздерді мейірім мен ізгіліктің, қайырымдылық пен даналықтың мерекесі – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі біз өмір сүріп отырған бақытты заманымыз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз, шүмектете төккен терлеріңіз, ақыл-парасаттарыңыз арқылы қаланғанын жақсы білеміз. Бұл үшін өздеріңізге алғысымыз шексіз. Қарттарымызды ардақтап, қай кезде де қамқорлық аясынан тыс қалдырмау – қастерлі міндетіміз. Сіздер аман болыңыздар! Сіздер барда уақыт алға тартқан қиындықтарды сезіне қоймайтынымыз анық, сеніміміз нық, – деген аудан әкімі өңірдің дамуына, әлеуетінің артып, мәдениетінің көтерілуіне үлес қосып келе жатқан бір топ қартқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның Алғыс хатын табыстады. Қарттардың тағы бір шоғыры аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Алтын қазына» әжелер ансамблі мен аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерті мерекенің ажарын аша түсті.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    2 years ago
    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    10 months ago
    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    4 months ago
    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    1 year ago
    Жазушы мұражайы қайта жаңғырды

    Жазушы мұражайы қайта жаңғырды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>