Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

27 қаралым

Еңбекшіқазақ ауданың Нұра ауылындағы жалпыұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, әйгілі саятшылар әулеті Исабековтер отбасы өз таңдауын жасады.

Қазақ халқында «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Рас, әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Сондықтан бұл отбасы ел болашағы үшін елеулі оқиғалардан қашанда сырт қалып көрген емес. Сондықтан отбасы мүшелері  Сөгеті ауылдық округіндегі № 189 сайлау учаскесіне  жалпы халықтық референдумға өз үндерін қосуға келіпті.

Исабековтер отбасы 1995 жылы «Жетіқазына» саятшы клубын құрып, 2003 жылы мұражай ашты. Бүгінде клубқа 11 құсбегі мүше. Сондай-ақ түрлі жарыстарға қатысатын 11 қыран бүркіт және бар. Олар елімдің саятшылық өнеріне зор үлес қосып келеді.