-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарты бар үй – қазыналы

    02.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қарты бар үй – қазыналы
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

      Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев отасқандарына 60 жыл толған Қонаев қаласының тұрғындары Жақабай Шыныбаев пен Айтаңсық Тұрғанбаеваның үйіне барып, мерекемен құттықтады. Бүгінде 80 жасты алқымдаған қариялар бейнеттерінің зейнетін көріп, балаларының ортасында жылы да жайлы шаңырақта ғұмыр кешіп жатыр.

    Қариялардың жай-күйін сұраған соң шапан жауып, тарту-таралғысын жасаған облыс басшысы қарттарды қадірлеу бүгінгі ұрпақ парызы екенін еске салып, олардың өмір жолы мен қоғам дамуына сіңірген еңбегін бағалаудың маңыздылығын атап өтті.
    «Жас ұрпаққа қарттарымыздың өмірі, олардың бай тәжірибесі, еңбек жолы мен отбасылық құндылықтары үлгі болуы тиіс. Қоғамымызда қарттарға деген құрметті арттыру, олардың еңбек жолын жас ұрпаққа өнеге ету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту үлкен маңызға ие», – деді Марат Сұлтанғазиев.
    Жақабай Жұмағұлұлының саналы ғұмыры теміржол саласымен тығыз байланысты. 1960 жылы қарапайым жұмысшы болып еңбек жолын бастап, жоғары лауазымдарға дейін көтеріліп, 2006 жылы зейнетке шыққан. Атқарған қызметі үшін «Қазақстан Республи­касы­ның Құрметті теміржолшысы» төс­белгісімен марапатталған. Сонымен қатар, тракторшы және дәнекерлеуші курстарын бітіріп, өз білімін үнемі жетіл­діріп отырған.
    Ал Айтаңсық Тұрғанбаева – ұлағатты ұстаз. Абай атындағы Қазақ педагоги­калық институтының география факуль­тетін сырттай оқып бітірген. Қосқұдық бекетінде география пәнінің мұғалі­мі, соңғы он шақты жылда мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. Қырық жылға жуық ұстаздық еңбек жолында «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
    Жақабай ата мен Айтаңсық апа – бес бала тәрбиелеп өсірген жандар. Бүгінде осы балаларынан 14 немере және 21 шөбере көріп отыр.
    «Осылай отырғанымыз балалардың арқасы. Олардың жолдары ашық, өмірлері шуақты болсын! Еліміз бен жерімізде тек тыныштық заман болсын! Өзім 1943 жылы соғыстың қазаны қайнап тұрған уақытта өмірге келдім. Қиындықты да бір кісідей көрдік. Бізді осы күнге жеткізген – еңбек. Ерінбей, жалықпай еңбек еткен адамның алдынан ақ күн туады», – деген Жақабай атамыз мерекеде арнайы құттықтап келген облыс әкіміне алғысын жеткізді.
    Айтаңсық апа болса, қайта түлеген Қонаев қаласының тұрғыны ретінде облыстың жаңа даму жолына бет алғанына қуанышты екенін айтып, жас ұрпақты тек жарқын болашақ күтіп тұрғанына шүкіршілік етті.
    Осылайша айтулы мерекеде қос қарияның мерейі тасыды.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Туған жерін түлеткен

    Туған жерін түлеткен

    5 months ago
    Атқарылған іс ауқымды

    Атқарылған іс ауқымды

    4 months ago
    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    2 years ago
    Назардан тыс қалмайды

    Назардан тыс қалмайды

    1 year ago
    Ақын есімі ұлықталды

    Ақын есімі ұлықталды

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>