Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған орай, Қонаевта 30 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 4-уі жабық.

Алматы облысының орталығында барлығы 44 451 дауыс беру құқығы бар адам тіркелген. Мүгедектігі бар азаматтардың да референдумға қатысуына барлық жағдай жасалған. Бүгін оларға арнап 1 инватакси қызмет етуде. Сондай-ақ шаһардағы қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр.

Бүгін қаланың 22 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы дауыс берушілердің тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 2 учаске (№947, №952) жұмыс істейді.