Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаев қаласында туристік жолдар жөндеуден өтіп жатыр

Қонаев қаласында туристік жолдар жөндеуден өтіп жатыр

Қапшағай су қоймасының жағалауы ҚР Туристендіру картасына енген. Осыған байланысты Речников көшесінің жолы «Morelux» демалыс аймағына дейін ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Бұл көшенің ұзындығы — 2 шақырымға жуық. Алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту бағытындағы басқа да жобалар қолға алынбақ.

Бұдан бөлек, қаладағы 5 жол учаскесінде шұңқырлар жамалып жатыр.

Бас жоспар аясында 8-10 шағынауданның жолы күрделі жөндеуден өтіп жатқанын да айта кетейік. Көше 4 жолақты, ұзындығы — 14,3 шақырым. Жобаның аяқталу мерзімі ендігі жылға жоспарланған. Ал Кешенді даму жоспары аясында 10 жобаның құжаттары дайындалуда.