❄️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдумға аналардың шашуы

    06.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Референдумға аналардың шашуы
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Ұйғыр аудандағы №927 дауыс беру учаскесінде аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен шашу шашылып, дауыс беруге келушілерге қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ үлестіріліп, ұлттық сусын шұбат берілді.

    Аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлжаһан Әликеева айтулы шараны ұйымдастырудағы мақсат ұлттық құндылықтарды насихаттау, сонымен қатар бұл күн ерекше күн екендігі келген дауыс берушілердің жадында сақталса деген ниетте жасалғандығын айтты.

    Аналар кеңесінің мүшесі, аяулы ана Клара Рахымберлинова дауыс бершілерге аналық ақ тілегін арнады. Ақ жаулықты ана ретінде өз отбасындағы барлық балаларын ең әуелі дауыс беру учаскелеріне апарып, отбасымен дауыс беріп, өз таңдауларын жасағанын жеткізді.

    Дауыс беру учаскесіне келушілер бұған дейін осындай әдемі көріністі көрмегендіктерін айтып, таңданысып та жатты. №927 дауыс беру учаскесінде нағыз мерекенің лебі есіп тұр. Әрбір келген дауыс беруші бауырсақтан ауыз тиіп, ұлттық сусыннан дәм татып жатты.

    Осындай тарихи сәтті бар жүректерімен сезінген тұрғындар саны бұл дауыс беру учаскесінде толастар емес.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұсынымдар

    Қонаев сыйға тартқан сағат

    Қонаев сыйға тартқан сағат

    2 years ago
    Сарбаздар ант қабылдады

    Сарбаздар ант қабылдады

    1 month ago
    Атқарылар іс ауқымды

    Атқарылар іс ауқымды

    2 years ago
    XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

    XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

    1 year ago
    Алматы облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

    Алматы облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>