Перейти к содержимому
Главная страница » Саяси науқанда өз еркін білдірді

Саяси науқанда өз еркін білдірді

Тасашы ауылында бүгін республикалық референдумға 394 адам дауыс беруге құқылы. Таңғы сағат 7:00-де референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алдымен Қазақстан Республикасының әнұраны ойналып, жауапты комиссия мүшелері көпшілікке таныстырылды.

Нұргүл Абықанова, №564 референдум учаскесінің төрайымы:

— Өзіміздің пікірімізді білдіретін жауапты күн. Алғашқы ашылуына келіп жатқан сіздерге үлкен рахмет! — дей келе мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Ақ әжелер» тобына сыйлықтар үлестірді.

Ерболат Төребаев, Тасашы ауылдық округінің әкімі:

-Біз үшін бүгін ерекше күн. Еліміз үшін, жалпы референдум — мереке. Сондықтан барлықтарыңызға өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! — деді ол.

Ауыл ақсақалы Шілікбаев Арғынбай жиналғандарға бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.

Референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Болат Мамытахынов өз таңдауын жасады.

-Бірлік әрқашан маңызды. Ел үшін маңызды істерге үлес қосуымыз қажет. Сондықтан әрбір саяси науқанда өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын! — деді ауыл тұрғыны.

Айта кету керек, жалпы халықтық референдум уақыты таңғы 7:00-ден  кешкі сағат 20:00-ге дейін атқарады.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

Кеген ауданы