-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Спорт кешені ашылды

    29.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Спорт
    Спорт кешені ашылды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Республика күніне орай Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында жаңа спорт кешені қолданысқа берілді. Мерекедегі бұл қуаныш ауыл тұрғындарының мерейін өсірді. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков және Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов қатысты.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жол­дауында: «Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша», – деп бұқаралық спортты орталықтан шалғай жатқан елдімекендерде де барынша дамытып, халықтың спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануға бар жағдай жасалу керектігін айтқан еді. Президент тапсырмасына сай өңір-өңірде спорт кешендері бой көтеріп, салауатты өмір салтын ұстанатын халық саны күн санап артып келеді.
    Қуанышқа жиналған халықты Республика күнімен құттықтаған Нұржан Кеңесұлы жасөспірім тәр­биесіндегі спорттың рөлін ерекше атап, аймақта бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аз-кем тоқталып өтті. Бүгінде Алматы облысында 1821 спорт нысаны жұмыс істеп тұрса, оның жартысынан көбі ауылды жерде орналасқан. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 49 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 50,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта Жамбыл ауданындағы Қарақастек ауылында, Райымбек ауданындағы Сарыбастау ауылында, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащысай ауылында бір-бір спорт кешені және Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жұмыстары жүргізілді. Ауданымыздағы осы аталған екі нысан да бой көтеріп, көптің қуанышына беріліп отыр. Көктемде ғана Шелек ауылында аумағы 5477,4 шаршы метр болатын үлкен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылса, оның негізінде Еңбекшіқазақ ауданының №3 балалар мен жасөс­пірімдер спорт мектебі құрылып, болашақ чемпиондарға даңғыл жол салып берді.
    Аталған спорт кешенін салған «СМУ Шығыс» ЖШС құрылыс ком­паниясының жоба директоры Досжан Ержекенов Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөс­пірім­дер спорт мектебінің директоры Елмұрат Қайыпжановқа кешен кілтін салтанат­ты түрде табыстады. «Батамен ел көгерер» дейтін халқымызға ауыл ақсақалы Саин Өміржанов ақ батасын берді.
    Жаңадан ашылған кешеннің екінші қабатында бокс, күрес залдары болса, бірінші қабатта волейбол, баскетбол, футбол, гандбол ойнауға арналған үлкен залы орналасқан. Жаттықтырушыларға арналған жеке кабинеттер, киім ауыстыратын, жуына­­­тын бөлмелер, медициналық кабинет­­пен жабдықталған. Сонымен қатар сыртта үлкен футбол алаңы мен автотұрақ та бар. 1538,6 шар­шы метр аумақты алып жатқан кешен құрылысына 907 млн теңге жұмсалыпты.
    Жиналған көпшілік ұлттық мереке­де ашылған спорт кешенінде алдағы уақытта еліміздің Көк Байрағын биіктен желбіретер жастар өсіп шықсын деген тілекпен тарқасты.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында тұрғындардың 11 пайызы тұмауға қарсы екпе алды

    Алматы облысында тұрғындардың 11 пайызы тұмауға қарсы екпе алды

    2 years ago
    Туризмге құйылатын инвестиция көлемі артады

    Туризмге құйылатын инвестиция көлемі артады

    1 year ago
    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    2 years ago
    Жолды жапқан 11 адам жауапқа тартылды

    Жолды жапқан 11 адам жауапқа тартылды

    2 years ago
    Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

    Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>