⛅
-0°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сынып жетекшінің міндеті зор

    05.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Сынып жетекшінің міндеті зор
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Сынып жетекші оқушының екінші ­ата-анасындай болып кететіні даусыз. Ол оқушының үлгерімін, сабаққа қатысуын, тәртібін қадағалап, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатады. Сыныптан тыс шараларды ұйымдастырады. Сондықтан сынып жетекшіге артылар жауапкершілік жүгі зор.

    Жақында «Qaz365.kz» сайты ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласының мамандарымен кездесуде сынып жетекшілеріне қатысты айтқан жағымды жаңалығымен бөліскенін қуана хабарлады. Онда министр: «Мектеп директорлары ешкім сынып жетекшісі болғысы келмейді деп айтады. Сынып жетекшілеріне басқаша статус беруіміз керек. Яғни статус дегеніміз – оған төленетін қосымшаны үш есе көтереміз. Президент келісті. Енді сынып жетекшісінің аттестацияда қосылатын балы көп болады», – деген. Бұл жаңалықтың мұғалімдер қауымының көңілдеріне қуаныш ұялатқаны анық.
    Өздеріне артылар жауапкершілік жүгінің салмағы жеңіл еместігін білсе де, ол үшін төленетін қосымша ақы мардымсыз болса да, сынып жетекшілігінен бас тартпайтын мұғалімдер аз емес. Осыған орай жуырда «Үздік сынып жетекші – 2024» облыстық байқауының жеңімпазы атанған Ұлдана Қартабаеваның пікірін беруді жөн санадық.
    – Мұғалім болу – өз қызметіңнен жаныңа демалыс, рухани азық, жүрекке жылу сыйлау. Міне, осы себептен де мен ұстаздық ұлы жолдың керуеніне қосылдым. Жүріп өткен жиырма сегіз жылдық ғұмырыма көз салсам, үлкенді-кішілі біраз асулардан өтіппін. Мүмкін пәлендей болмаса да, жетістіктің ішіндегі көңіліме жұбаныш, ертеңіме үміт сыйлайтын – шәкірттерім мен олардың жетістігі. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, мен шәкірттеріммен бүтін ұстазбын. Осы жолда маған нағыз ұстаздықты сезінуге ықпал еткен – 8 «А» сынып оқушылары. Сыныбымда 15 – ер азаматым, 9 қызғалдағым бар. Кемел келешекке қойған ұстаздық мақсатым – болашағы айқын, жігері жалынды, арманы арынды, дарынды балаларды тәрбиелеу. Салалық бағытта даму үшін пәндік мұғалімдердің еңбегі ерен болса, қоршаған ортаға бейімделу, қабілет қырларын ашу, тәрбиесін қадағалау, ата-аналармен тығыз әрі жақсы қарым-қатынаста болу – сынып жетекшінің жауапкершілігіндегі жұмыс. Расымен де, әмбебап қызмет көрсететін сынып жетекшінің еңбегі орасан зор. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасу кезеңіндегі психологиялық мәселелерін басты назарда ұстау – ата-ана мен сынып жетекшіге артылған жоғары жауапкершілік. Біліктілік деген тек біліммен шекарасы шектелетін қасиет емес. Жан-жақты жанқиярлықты талап ететін абыройлы қызмет. Мен үшін сынып жетекшілік ол – миссия. Алдымда отырған 24 баланың санасына ұлтты сүю, оған қалтқысыз қызмет ету формуласын сіңіре алсам, менің жетістігім сол деп білемін. Болашақта «Мен елім үшін, қоғам үшін не істей аламын?» деген уайыммен оянатын азаматтарды тәрбиелегім келеді. Сыныбымның әрбір оқушысы әр саланың кірпіші болып қаланарына сенемін, – дейді Ұлдана Қартабаева.
    Кейінгі кезде сынып жетекшіліктен саналы түрде бас тартатын мұғалімдердің де бой көрсетіп қалатыны жасырын емес. Бұған төленетін қосымша ақының аздығы да себеп болып отырғанына ешкім дауласа қоймас. Мәселен, қазір оның мөлшері 10 мың теңгеге жуықтайды екен. Министрдің айтуынша, көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан осы бір түйткілді мәселенің түйіні тарқатылар күн алыс емес секілді. Осы күнгі ата-аналардың көпшілігі баланың тәрбиесін мектепке ысырып қойғанын ескерсек, мемлекет тарапынан сынып жетекшіге қандай көмек-қолдау көрсетілсе де артық болмас.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Төртінші рет топырақ басты

    Төртінші рет топырақ басты

    2 years ago
    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    Таза бейсенбі: Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды

    7 months ago
    “Сұңқар” арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды

    “Сұңқар” арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды

    12 months ago
    Құрылысшылар құрметке лайық

    Құрылысшылар құрметке лайық

    6 months ago
    Теңге ілуден көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар анықталды

    Теңге ілуден көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар анықталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>