-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

    22.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    Тәлімді де тағылымды кездесу өтті
    0
    SHARES
    72
    VIEWS
    Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еліне еңбегі сіңген белгілі тұлға Күләш Әбдезовамен кездесу өтті. Жастарға арналған шара «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында өрбіді.
              Күләш Нүсіпқызы 1968 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиотивтік-құрылыс институтына оқуға түсіп, 1972 жылы бітірген. Сол қаладағы Қазақ ғылыми су-шаруашылық  институтында инженер болып жұмыс істеп, аспирантураға түседі. Шамалған ауылындағы су-шаруашылық колледжінде директордың оқу-тәрбие бөлімінің орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, кейіннен талай жылдар бойы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып еңбек еткен. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, екі мәрте жергілікті мәслихатқа депутат болып сайланған. Аудандық мәслихат депутаты болып 2 жыл қызмет атқарып, еліне еңбегі сіңген. Өз кезегінде мемлекетке еткен қарқынды қызметі еленіп, бірнеше рет медальдармен марапатталды. Қазірде қоғам белсендісі – зейнеткер. Қазақтың қолөнерін ұлықтып, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Шамалған ауылындағы Ардагерлер алқасының мүшесі.
    Шараға қарасайлық жастар шақырылып, оларға Күләш Нүсіповқызы келелі әңгіме айтып, білген-түйгенімен бөлісті. Шара мақсаты да сол – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялату, келешек ұрпаққа адамгершілікті, тәрбиелікті, мейірімділікті, қарапайымдылықты үйрету.
    «Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан, жастардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл аударуды талап етіп жатыр. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған бағдарламалар Қазақстан жастарына арналған тамаша мүмкіндік. Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Біз күш-қайраты тасыған тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз», – деді кездесуде сөз тізгіндеген зейнеткер.
    Спикер жиында болашақта жастардың талай белестерді бағындыратынына да сенімі мол екенін жеткізді. Өз сөзінде білімді жастар елімізде айтарлықтай өзгерістер жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкілеген үмітін ақтауға тырысуы қажеттігін баса айтты.
    «Біздің елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін ұмытпайық», – деді үлгі-өнегесін айтып, бағыт бағдар берді.
    Жастар өмірде түйгені мол, Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосқан азаматты ұйып тыңдады. Тағылымды кештен рухани азық алып, өз кезегінде зейнеткерге толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жалпы, мұндай шаралар Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жиі өткізіліп тұрады.
    Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Таразы басы қайда тартады?

    Таразы басы қайда тартады?

    7 months ago
    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    9 months ago
    Айбынды күшке айналды

    Айбынды күшке айналды

    1 year ago
    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    2 months ago
    Жаңарған кәсіпорын

    Жаңарған кәсіпорын

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>