⛅
-1°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тапшылық туындамайды

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Тапшылық туындамайды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           2024 жылдың 6 қазаны Қазақстанның кейінгі тарихында маңызды шешім қабылданған атаулы күн ретінде енетін болды. Маңызы жағынан мемлекет тарихында ел астанасын көшіру, Президент сайлауы сияқты оқиғалардан еш кем түспейтін атом электр стансасын салу мәселесінің басы ашылды.

    Қазақстанда АЭС салу туралы ұсыныс 1990 жылдардың ортасында көтерілген. Тек кейінгі жылдары елде энергия тапшылығы туындай бастағанда бұл мәселенің өзектілігі артты. Үкімет «Елге бір АЭС керек» деген тоқтамға келді және оны салуға қолайлы орын деп Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылын белгіледі. Бірақ АЭС салу – екі елдің бірінің қолынан келе бермейтін, кілтипаны көп ауқымды экономикалық әрі стратегиялық жоба. Сондықтан бұл мәселеде ел азаматтарының пікірі аса маңызды болды.
    Референдумның алдын ала нәтижесі бойынша елде дауыс беру құқығы бар 12 миллион 284 мыңнан астам азаматтың 7 миллион 820 мыңы, яғни 63,66 пайызы қатысқан. Олардың 71,12 пайызы немесе 5 миллион 562 мыңға жуығы елде атом электр стансасын салуды қолдап дауыс берсе, 2 миллион 45 мыңнан астамы немесе 26 пайыздан көбі қарсылығын білдірген. Референдумда азаматтардан бір ғана мәселе – Қазақстанда АЭС салуға келісетіні немесе келіспейтіні сұралды.
    Әуел бастан-ақ АЭС салуға қатысты пікір екі арнаға жарылғаны белгілі. Бұлай дейтініміз, бұған дейін азаматтардың көкейінде ең алдымен атом электр стансасының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық болды. Мәселен, «АЭС салсақ, кешегі Чернобыль немесе Фукусимада болған апат қайталанбай ма, оның әсері адам мен қоршаған ортаға тимей ме?» деген сауалдар туындады. Дегенмен мамандар соңғы жылдары атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану технологиясы әлдеқайда дамып кеткенін айтып, күмәнді сейілткендей болды.
    Енді референдумның қалай өткеніне тоқталайық. Демократия салтанат құрған, азаматтық қоғамы белсенді елдерде сайлау құқығына ие азаматтардың 50-60 пайызы ғана дауыс беретінін және ол көрсеткіш ел тағдырын шешетінін ескерсек, 72 пайыз деген нашар көрсеткіш емес. Есесіне, бұл референдумда кейбір азаматтардың өзінің азаматтық таңдауын білдіруде кейде өзгелерге үлгі болатындай креативті ойлар мен ерекше әрекеттерге барғанын көрдік. Айталық, Кеген ауданында 103-ке келген кейуананың балалары, немерелері мен шөберелерін ертіп келіп дауыс бергені, Еңбекшіқазақ ауданында тұрғынның «Алтын адам» киімінде келгені, Қарасай ауданында жастардың дауыс беру учаскесіне бірігіп, самокатпен келгені, кейбір жастардың сол күні некесін қиып, таңдау жасағаны ұнады. Дауыс беруге түрлі аң, мультфильм, фильм кейіпкерлерінің киімін киіп келгендер де болды. Бұл да өзгелерді дауыс беруге шақырудың бір тәсіліндей көрінді. Референдум осындай ерекшелігімен ел есінде қалмақ. Ал АЭС салудың игілігін кейінгі ұрпағымыз көріп, оның табиғатымызға зиянын келтірмей, экономикамыздың дамуына игі әсер етіп жатса, құба-құп болар еді.

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Ұсынымдар

    Тоғанды балыққа толтырған

    Тоғанды балыққа толтырған

    5 months ago
    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО наурыздағы мерекелерде қалай жұмыс істейді?

    2 years ago

    Тұрғындар көтерген түйткілдер

    1 month ago
    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    11 months ago
    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>